30 Тамыз, 2012

Халық қуаттаған құжат

453 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Халық қуаттаған құжат

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:34

Қазақстан Республикасы Конс­­титуциясының кiрiспе­сiн­де Ата Заңды қабылдаудың себеп­терi мен мақсаттары былай тү­сiндiрiлген: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiк­тiрген Қа­зақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, тең­дiк және татулық мұрат­тарына берiл­ген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дү­ниежүзілік қоғам­дастықта ла­йықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұр­пақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқы­ғымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабыл­дай­мыз». Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеологиялық тұрғы­дан алғанда аса маңызды. Өйт­кенi, бұл Ата Заң Қазақстан Рес­публикасында демо­кратиялық, зайырлы, құқықтық және әлеу­меттік  мемлекет құ­ру­дың конс­титуциялық негiзiн қалады.

Қазақстан Республикасы Конституциясы тұрақтылық ны­­ша­нымен ерекшеленедi. Негiзгi Заң ретiнде оған өзгерiстер ен­гiзу тәртiбi де ерекше сипатта болады, бұл тәртiп Конститу­цияның өзiнде белгiлен­ген. Мә­селен, 91-баптың 1-тар­мағына сәйкес Конституцияға өзге­рiс­тер мен толықтырулар енгiзу Рес­публика Президентiнiң бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкi­меттiң ұсынысымен қабылдан­ған ше­шiм бойынша өткiзiлетiн рес­публикалық референдумда жү­зеге асырылуы мүмкiн. Егер Президент өзге­рiстер мен то­лықты­рулар енгi­зудi Парламент­тiң қа­ра­уына беруге ұйғарса, онда өзге­рiстер мен толық­ты­рулардың жобасы респуб­ли­­калық референдумға шығарыл­майды. Бұл ретте Пар­ламенттiң шешiмi Конституцияда белгi­ленген тәртiппен, яғни әр палата депутаттары жалпы санының 3/4 дауысымен қабыл­данады (62-бап, 3-тар­мақ). Егер Президент Конститу­цияға өзге­рiстер мен толықтырулар енгiзу мәселеле­рiн республикалық ре­ферен­думға шығару туралы Парла­менттiң ұсынысын қа­был­­дамай тастаса, онда қос палата депу­тат­тарының жалпы санының кемiнде бестен төр­тiнiң көп­шiлiк дауысымен Парламент осы өзге­рiстер мен толықты­руларды Конс­ти­ту­ция­ға енгiзу туралы заң қа­былдауға құқылы. Мұндай жағ­дайда Президент осы заңға қол қояды немесе референдумға шыға­рады.

Заң беделге, мансапқа, ла­уазымға, ақшаға, байлыққа сатылмай, тек ақиқатқа бас иеді. Заңға құрмет болмайынша, оны қас­терлеу ішкі қажет­тілікке айналмайынша, заңның құдіреті шамалы болады. Осы тұста  заң, тәртіп туралы Мұ­хам­мед (с.ғ.с.) пайғам­барымыз  «Мемлекетте қуатты, бедел­ді тәртіп болмаса, ол күйрей­ді» десе,  Г.Фуллер: «Заң адамды бағын­дырады, заң­ды ақыл ба­ғынды­рады» дегенді айтыпты. Ал  Бауыржан Мо­мыш­­ұлының «Тәртіп­­ке бас иген құл болмайды, тәртіпсіз ел болмайды», – деген  қанатты сөз­дерді кім кімді де ойландырмай қой­майды.

Бауыржан МҰСАХАНҰЛЫ,

заңгер.

Оңтүстік Қазақстан облысы.