Аймақтар • 20 Сәуір, 2019

Каспий теңізінде 2018 жылы 10 адам қаза тапқан

1239 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс бөлімі бастығының міндетін атқарушы Демеуберген Рәтбек Қожахметұлы мәлімдеді.

Каспий теңізінде 2018 жылы 10 адам қаза тапқан

- Барлық төтенше жағдайлар судағы қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан болып отыр. Суда 10 адамның қаза болуының негізгі себептері - жабдықталмаған  су айдындарында шомылу, суда қауіпсіздік ережесін бұзу, суға түсу кезінде өзінің жүзу қарымына қарамау, ішімдік ішкен күйде суға түсу, балалардың су маңында ересек адамдардың қарауынсыз болуы, балық аулау кезінде ережені бұзу болып табылады. Өткен жылы тіркелген 10 оқиғаның 6-ы Ақтау қаласында орын алса, «Кендірлі» демалыс базасында екеу, Форт-Шевченко каласында 2 жағдай тіркелді, дейді Р.Демеуберген.

Жалпы өңірде жағалау 1000 шақырымды құрайды. Каспий теңізі жағалауында жаз кезінде суға түсуге арналған 30 учаске бар. Оның 20-сы Ақтау қаласында, 10-ы «Кендірлі» демалыс базасында орналасқан. Сондай-ақ, 3 жағажай аймағы, 5 балалар лагерлері, 22 демалыс базасы бар.

Алдағы жаз мезгілдерінде Ақтау қаласындағы 14 демалыс базасының 8-і жұмыс жасайды деп жоспарлануда. 5 демалыс базасы жұмыс жасамайды, 1-еуінде жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Теңізде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті Жедел құтқару жасағының 4 құтқару бөлімшесі бар. Олар Ақтау қаласы, «Кендірлі» демалыс базасы, Түпқараған ауданы және Құрық селоларында орналасқан.