Қазақстандық боксшы 63,5 кг, ал Тришева 63,4 кг шықты. Тришева Фирузамен болатын жекпе-жекке дайындық барысында Юлия Куценкомен спаррингке шығып жүрген. Әуесқой бокс және әуесқой кикбоксингте халықаралық турнирлердің біразын ұтып, тіпті кикбоксингтен Азия біріншілігінде жеңіске жеткен.
Осы салмақ санатында Фируза алғаш рет жекпе-жек өткізеді. Дегенмен, ол жеңетініне сенімді. Кәсіпқой бокстан қазақстандық әлем чемпионы Фируза Шәріпова бүгін Мәскеудегі Флойд Мейвезер бокс академиясында ресейлік Анастасия Тришинамен жекпе-жекке шығады. Жуковкадағы осы рингте Григорий Дрозд - Кшиштоф Влодарчик, Владимир Кличко - Александр Поветкин жекпе-жектері өткен. Шәріпова осы жекпе-жегін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа арнайтынын жеткізген. Салмақ өлшеу рәсімінде де Елбасының суреті түсірілген, «Ел үшін рахмет» деген жазуы бар жейдесін киді.