«Құрметті ата-аналар! YouTube-каналында білім беру мен балалардың құқықтарын қорғау туралы бейнематериалдар жарияланған. «Ойнату тізіміне» басу арқылы сіз мазмұнымен танысып, қызықтырған кез келген бейнеролик, сюжеттерді көре аласыз. 24 сағат бойы барлық контент тікелей эфирде жүргізіледі. Бұл каналды барша таныстарыңызбен бөліссеңіздер болады. Бейнероликтеріміз сіздерге пайдалы әрі қызықты болады деп үміттенеміз» деп мәлім етті қазақстандық ата-аналар қауымдастығы мен Білім және ғылым министрлігі.