30 Тамыз, 2012

Жасампаз құжат қуаты

363 рет
көрсетілді
8 мин
оқу үшін

Жасампаз құжат қуаты

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:42

АЙШЫҚТЫ АТА ЗАҢ – АЗАТТЫҚ АЙҒАҒЫ

Ата Заңымыз біздің мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады. Конституция – арайлы азатты­ғы­мыз­дың айғағы, жарқын болаша­ғы­мыз­дың бұл­жымас бағ­дары. Ол елдігі­міз­дің алтын арқауы, то­лағай табыс­та­ры­мыз­дың бастау қайнары.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

 

Бейсенбі, 30 тамыз 2012 7:42

АЙШЫҚТЫ АТА ЗАҢ – АЗАТТЫҚ АЙҒАҒЫ

Ата Заңымыз біздің мемлекетіміздің басты төлқұжаты болып саналады. Конституция – арайлы азатты­ғы­мыз­дың айғағы, жарқын болаша­ғы­мыз­дың бұл­жымас бағ­дары. Ол елдігі­міз­дің алтын арқауы, то­лағай табыс­та­ры­мыз­дың бастау қайнары.

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ, Қазақстан Республикасының Президенті.

* * *

ЖАСАМПАЗ ҚҰЖАТ ҚУАТЫ

Республикалық референдумда мақұлданған, Қазақстанды демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекіткен Ата Заңымыз – Конституцияның қолданысқа енгеніне де, міне, 17 жыл толып отыр.

 Қоғамдағы барлық саланың жар­қын жаңаруына тікелей әсер ететін Ата Заңның қабылданған конс­ти­туциялық моделі мен зор әлеуеті еліміздің дәйекті және қар­қынды да­муының қуатты іргетасы және кепілі болып табылады.

Тәуелсіздік жылдарында елі­мізде адам құқықтары мен бос­тандықтарын қамтамасыз ету саласында маңызды қадамдар жасалып, айтарлықтай нә­тиже­лерге қол жеткізілді. Және осы жыл­дардың ішінде Конституция про­куратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі орны мен рөлін нақтылы анықтап берді.

Егемен Қазақстанның проку­ратурасының құрылу тарихына Қа­ақстан Республикасы Жоғары Ке­ңесінің 1992 жылғы 17 қаң­тардағы қаулысымен бекітілген  «Қазақстан Республикасының про­­куратурасы туралы» Заңның күшіне енуі бастау салған болатын. Осы заң арқылы прокуратура заңдардың орындалуына жо­ғары дәрежедегі қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган мәрте­бесіне ие болған еді. Осылайша 1994 жылы Құқықтық реформаның мем­лекеттік бағдар­ламасында көрініс тап­қан прокуратура органдарын рефор­малау­дың негізгі қағидалары 1995 жылы қабылданған Конституцияда тү­бегейлі бекітілді.

Өз өкілеттіктерін Конституция мен республика заңдарына сәйкес іске асыратын прокуратура біртұтас мемле­кеттік биліктің барлық тармақтарымен келісе жұ­мыс жасай отырып, оларға құ­­қықтық әдістермен ықпал етеді және мемлекеттік тәртіптің қатаң сақталуын қадағалайды. Мұндай жауапты міндет барлық проку­рорларға құқық пен Консти­ту­цияның үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың конст­и­туция­лық құқықтары мен бостан­дықтарын және мемлекеттің мүд­делерін қорғау тұрғысынан ма­ңызды тапсырмаларды жүктей­тіндігі анық.

Осы мақсатта ағымдағы жыл­дың тек бірінші жартыжыл­ды­ғының өзінде әлеуметтік-эко­но­микалық салада прокурорлық қа­дағалау актілері бойынша  400 мың­нан астам азаматтың конс­титуциялық құқықтарының қор­ғалғандығын тілге тиек етуге болады. Елбасы жария еткен «Қа­зақстанды әлеуметтік жаңғырту: Жалпыға Бірдей Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» бағдарламасын іске асыру шеңберінде прокурорлар 100 мыңнан астам еңбек­кер­лердің құқықтарына араша түсіп, олардың 6 млрд. теңгені құ­рай­тын жалақыларын өндіріп берді. 6500-ден астам кәсіпкер­лердің құқықтары қорғалды.

Үкімет жасаған көптеген заң және нормативтік актілердің жобалары Бас прокуратурада ке­лісуден өтеді. Бұл ретте, жобаны жасаушы мемлекеттік органдар прокуратураның ескертпеле­рінің басым бөлігін назарға алып оты­ратындығын да айтқан ләзім.

Парламентпен және Парламент депутаттарымен сындарлы өзара бір­лесіп жұмыс істеу де жүйелі жолға қойылған.

Конституциялық іс жүргізудің  тұ­рақты қатысушысы болып табылатын Бас прокуратураның жа­саған қоры­тындылары заңнама­лық актіні қарау, түсіндіру бойынша Конституциялық Кеңестің қаулыларын шығару кезінде кө­біне ескеріліп отырады.

Ағымдағы жылы Премьер-Минис­трдің Конституцияның бір­­­қатар бап­тарының нормаларын конституциялық мерзімдерді есептеу мәселелесі бойынша ресми түсіндіру туралы сауалын қа­рас­тырған кезде Бас проку­ра­тураның тікелей қатысуымен адамды «ұс­тау» ұғымы заң­на­ма­лық тұрғыдан айқындалып бе­ріл­ді. Азаматтары­мыз­дың конс­­ти­ту­циялық құқық­тарының қор­ға­луы­­на елеулі рөл атқаратын дәл осы ұғым Елба­сының Қа­зақстан халқына қаңтар айын­да­ғы Жолдауын іске асыру шеңбе­рінде Бас прокуратура әзір­леп жатқан жаңа Қылмыстық іс жүргізу және Қыл­мыстық кодекстерде бекітілетін болады.

Аталған жобаларда айыптау қоры­тындысын жасау өкілеттігін проку­рорға бере отырып, сотқа дейінгі тексеруден, қылмыстық істі қозғау ұғы­мынан, айып та­ғудан бас тарту сияқты қыл­мыстық процесте кепілдіктерді күшейте түсуге бағытталған нормалар көрініс тапты.

Қылмыстық процеске кінәні мойындау туралы мәміле ен­гізілуде, сон­дай-ақ соттардың істі қосымша тергеуге қайтару институты қылмыстық процестен алынып тасталады.

Осы ұсыныстарды іске асыру қылмыстық процесті түбегейлі түрде қайта құруға, оның жедел болуына, сондай-ақ сот төре­лігінің іргелі не­гіздерін бұзбай, іс жүргізудің қажетсіз сатыларын алып тастауға ықпал етеді. Сонымен бірге, осы түзетулерді қа­былдау азаматтардың конститу­циялық құқықтарының қорғалуына зор ке­пілдік береді.

Өзінің конституциялық мақ­сатын негізге ала отырып, прокуратура органдары қылмыстық процесте азамат­тардың конс­ти­туциялық құқықтары мен бос­тандықтарының сақталуын қа­дағалау нысандары мен әдістерін жетілдіруге, рұқсат етілмеген тергеу мен анықтау әдістерін қолданудың әрбір фактісіне ден қоюға тұрақты көңіл бөліп отырады. Кезекші прокурорлар инс­титутының енгізілуі мен элек­тронды  қадағалау жүйесінің іске қосылуы ағымдағы жылы қыз­меттік орындарда заңсыз ұстал­ған азаматтар санының 16 пайыз­ға  төмендеуіне әсер етті.

Кез келген құқық қорғау органдары сияқты, құқық бұзу­шылы­қ­тың алдын алу мен оған  жол бермеу шаралары прокуратура үшін де басым міндет болып табылады. Осыған байланысты, қылмыстың алдын алу мақса­тын­дағы үйлес­тіру функциясының тиімділігін арттыру шаралары қабылдануда. Құқық қорғау органдары өзара бірлесе отырып ұйымдасқан қыл­мысқа, сыбайлас жем­қорлыққа қар­сы күреске бағытталған іс-шараларды жүзе­ге асыруда.

Прокурорлардың қылмысқа қарсы күрес жүргізуі мен азамат­тардың конституциялық құқық­тарын қыл­мыстық процесте қор­ғау мәселесі бойынша қыл­мыс­тық қудалау органдарымен бір­лесіп қабылдаған шарала­рының арқасында азаматтардан түскен жасалған қылмыстар туралы барлық шағымдары мен арыздарын тіркеуге қол жетті.  Осы арқылы қылмыстың алдын алу және оған қарсы тұру жөнінде кешенді шаралар әзірлеу үшін еліміздегі қылмыстық ахуалды анық­тау мүмкін болады.

Сотта мемлекеттің мүддесін қорғау сияқты конституциялық функцияны іске асыру мақса­тын­да прокурор­лардың алдында не­гізгі басымдықтар ретінде мем­лекеттік айыптауды қол­дану сапасын арттыру, азаматтардың құ­қықтарын, сондай-ақ қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді, елдің эко­номикалық қауіпсіздігін  қорғау ай­қындалған.

Бүгінгі таңда қоғамда үлкен пікірталас тудырған қылмыстық істер бойынша тергеу және оған сотта мемлекеттік айып тағу жұмыстары ой­дағыдай мәресіне жеткізілді. Жаңа­өзенде болған оқиғалар, сондай-ақ Ақтөбе, Аты­рау және Тараз қалала­рында орын алған терроризм мен діни экстремизм актілері бойынша сот ісін жүргізу аяқталды. Жүйе құраушы банктердің активтерін заңсыз шығару деректері бойынша кінәлі адамдар сотталды. Сонымен бірге аса ірі мөл­шерде парақорлық туралы істер бойынша үкімдер шығарылды.

Жалпы, прокуратура өзінің кон­ституциялық маңызын терең сезіне отырып, бар күшін елі­міз­де заңдылық кепілдіктерін қам­тамасыз етуге, жеке адам мен қо­ғамның құқықтарын сенімді қор­­ғауға жұмсайтынын атап өткім келеді. Прокуратура органдары Конституцияның салтанат құруы мен үстем болуына, оның шексіз әлеуе­тінің барынша ашылуына және құ­қықтық мемлекет мұра­тына жетуге бар күш-жігерін жұм­­сайтын болады.

Асхат ДАУЫЛБАЕВ,

Бас прокурор.