Ақтаудағы сот барысында транспаренттілік, яғни ашықтық қамтамасыз етілді
Сейсенбі, 16 қазан 2012 8:09
Шетелдік бақылаушылар осылай деп мәлімдеп отыр
Ақтау қаласында Жаңаөзен ісі бойынша «Алға» радикалды ұйым өкілдері В.Козлов, С.Сапарғали және ереуіл қозғалысының жетекшісі А.Аминовқа байланысты өткен сот ісі, ең әуелі, халықаралық бақылаушылардың көптігімен ерекшеленді. Барлық процесс бойына шетелдік елшіліктер мен Ұлыбритания, Ресей, Польша, Германиядан келген қонақтар ешқандай бір айтарлықтай заң бұзушылықты байқаған жоқ. Әлеуметтік алауыздықты қоздырды деп айыпталғандарға қатысты өткен сот процесі транспарентті, яғни барынша ашық болды.
Сейсенбі, 16 қазан 2012 8:09
Шетелдік бақылаушылар осылай деп мәлімдеп отыр
Ақтау қаласында Жаңаөзен ісі бойынша «Алға» радикалды ұйым өкілдері В.Козлов, С.Сапарғали және ереуіл қозғалысының жетекшісі А.Аминовқа байланысты өткен сот ісі, ең әуелі, халықаралық бақылаушылардың көптігімен ерекшеленді. Барлық процесс бойына шетелдік елшіліктер мен Ұлыбритания, Ресей, Польша, Германиядан келген қонақтар ешқандай бір айтарлықтай заң бұзушылықты байқаған жоқ. Әлеуметтік алауыздықты қоздырды деп айыпталғандарға қатысты өткен сот процесі транспарентті, яғни барынша ашық болды.
Еуропарламент депутаты («Азаматтық платформа» партиясы) және Орталық Азия бойынша жұмысшы комиссиясының мүшесі Пётр Борыс:
«Қатысам деушілерге кедергі болмады»
Соттың ашық өткендігі соншама, кейбір қазақстандық блогерлер мен қарапайым интернет пайдаланушылар «Бұл немене, шоу ма, әлде Қазақстанның ішкі мәселесіне сай нақты сот отырысы ма? Ендеше, неліктен соншама шетелдіктер келген? Қандай мақсатпен?» деп таңғалысты.
Дегенмен, шетелдік бақылаушылар Ақтау портына қандай мақсатпен ағылмасын, олар үшін есік айқара ашылды. Тіпті бір бақылаушы қорғаушыдан куәгерге айналды. Ол – Еуропарламент депутаты («Азаматтық платформа» партиясы) және Орталық Азия бойынша жұмысшы комиссиясының мүшесі Петр Борыс.
Петр Борыс 2011 жылдың қыркүйегінде Жаңаөзен қаласында болған мұнайшылардың ереуіл мәселесі бойынша және 2012 жылдың ақпан айында Маңғыстау облысына жасаған өзінің сапарының нәтижесі туралы «Алға» өкілдерімен Еуропарламент депутаттарының кездескенін айтты.
Ол қорғаушылар мен айыптаушылардың сұрақтарына жауап қайтарып, өзінің талқыланып отырған тақырыппен жалпы таныс екендігін танытты. Сондықтан ол Польшаға қазақстандықтардың өткен жылдың күзінде келуінің нақтылығын анық білмейтінін, өйткені дайындық мәселесіне араласпағандығын, негізгі баяндамашы Т.Сақтағановты есіне түсіру қиынға соққанын, ал «Алғаның» ереуілдеуші мұнайшылар арасына таратқан үнпарақтар жөнінде бірінші рет естігенін сотқа айтты.
Журналистермен әңгіме барысында депутат Жаңаөзен оқиғасындағы сотталушылардың рөлі туралы айту, оған баға беру қиын екенін жеткізді.
П.Борыс журналистерге берген сұхбатында В.Козлов ісі жөнінде ақпарат алу кезінде қандай да бір кедергілер кездеспегенін, ол әкімдіктің, прокуратураның, Германиядағы қазақстандық елшілік өкілдерімен кедергісіз кездескенін айтып берді.
Козлов пен Сапарғали және Аминовтарға өткен сот отырысы туралы парламентшілер оның ашықтығын, транспаренттілігін атады.
«Сотқа кіруде ешқандай проблема болмады, оған нақты мысал үшін өзімді келтіре аламын. Барлығы, яғни қатысқысы келгендердің бәрі – қарапайым қазақстандықтан бастап Еуропарламент депутатына дейін оған қол жеткізді», – деп атап өтті П.Борыс.
Бұрынғы мұнайшы Талғат Сақтағанов:
«Козлов мұнайшылардың мәселесі жөнінде айтқан жоқ».
«Варшавада Еуропарламент депутаттарына жасаған Козловтың үндеуінде Жаңаөзендегі ереуілдеуші мұнайшылардың мәселесі жөнінде айтылмаған», деп Ақтаудағы сот процесінде куәгер ретінде сөз сөйлеген бұрынғы мұнайшы Талғат Сақтағанов жеткізді.
Ал Т.Сақтағанов Жаңаөзенде ереуілге қатысушылардың белсендісі болған және «Алғаның» жетекшісі Козловпен бірге Варшаваға ұшады, онда олар Еуропарламент депутаттарымен кездесіп, мұнайшылардың мәселесін қозғаулары керек болатын.
Алайда ол: «Мен білмедім, әрине қазір сол жаққа барғаныма өкінемін. Өткен әңгімелердің бәрі бос сөз боп қалды», деді. Козлов Еуропарламент алдында сөйлеген сөзінде мемлекетті ғана сынап, ал мұнайшылардың мәселесі туралы бір ауыз сөз айтпаған.
Германия үкіметінің адам құқықтары жөніндегі уәкілі М.Лёнинг:
«Ешқандай проблема болған жоқ»
Ақтаудағы сот барысында арнайы баспасөз-конференциясын Германия үкіметінің адам құқықтары жөніндегі уәкілі Маркус Лёнинг өткізді.
Маркус Лёнинг сөз арасында шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.
Ол: «Сот өтіп жатқан залға кіруге бізге ешқандай кедергі болмады. Ішке еркін ендік. Отырыс ашық. Мұнда бізден өзге де халықаралық, сонымен қатар жергілікті ұйымдар бар екен. Әрине, ішке кіру еркін болды, соның арқасында ешқандай мәселе туындаған жоқ… Менің ойымша бейнекамералардың қойылғаны өте дұрыс, процестің ашық өтіп жатқандығы да жақсы», деді.
Маркус Лёнингтің сөзіне қарағанда, «Алғаның» көптеген өкілдерінің пікіріне қарамастан, ол аталған процесті «саяси» деп атаудан аулақ. «Мен бұл процесті саяси немесе саяси емес деп айта алмаймын, бірақ саясиландырудың элементтері бар. Мүмкін соттың шешімі қылмыстық жауапкершілік аясында өтетін шығар… Әрине, өткен жылғы желтоқсан айындағы оқиғадан кейін тексеріс жүргізген түрлі комиссиялар құрылғаны анық», деді.
Қазақстандағы АҚШ елшілігінің жанындағы саяси-экономикалық бөлімнің қызметкері Джессика Лини ЯрчиЕв:
«Сот отырысы ашық түрде жүргізілуде»
Сонымен қатар, В.Козлов, А.Аминов және С. Сапарғали ісі бойынша сот отырысына Қазақстандағы АҚШ елшілігінің жанындағы саяси-экономикалық бөлімнің қызметкері Джессика Лини Ярчив қатысты.
Сот қарауы аяқталған соң ол журналистермен шағын брифинг өткізіп, Ақтауға келгендегі негізгі мақсаты – сот процесін бақылау екендігін айтты.
Д.Ярчивтің сөзіне қарағанда, АҚШ елшілігі бұл іске және жалпы Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан сот реформасы барысына баса назар аударып отырған көрінеді. Сондай-ақ, брифинг барысында Джессика Ярчиев, сот тыңдауының жүргізілу барысына көңілі толатынын жеткізді.
«Біз сот отырысының ашық режімде өткізіліп жатқандығын қуана атаймыз. Біз бұл сотқа қатысу кезінде немесе өзге де бір жағдайларда кедергілерді байқаған жоқпыз».
Міне, осылайша халықаралық бақылаушылар Ақтаудағы сот отырысын оң бағалап отыр. Бұл Қазақстанның құқықтық дамуындағы маңызды қадам болып табылады.
Анықтама:
Сот қарауы басталған кезден сот айыпталушыға Қазақстан Республикасы Конституциясымен кепілдік берілген қорғауға құқық, өзіндік сайлау және өзіндік ұстанымды сақтау, кәсіптік заң көмегін алу, дәлелдерді келтіру және оларды зерттеу, өтініш беру, сотқа ауызша және жазбаша түрде түсінік беруді қамтамасыз етті.
Сотта істің барлық жағдайы шынайы әрі жан-жақты мұқият зерттелді, тараптардың теңдігі және жарыспалылық толық сақталды.
Сот қарауы ашық түрде жүргізілді, оған кез келген адамға қатысуға мүмкіндік туды.
Процеске барлық БАҚ, қоғамдық бірлестіктер мен ұйымдардың өкілдері қандай елден және көзқарастары мен пікірлері қандай екендігіне қарамастан жіберілді.
Мәселен, процеске «Алға» тіркелмеген партиясының мүшесі (Н.Жолдасов және басқалар), құқық қорғаушылар: Ж.Қуанышалин, Е. Жовтис, шетелдік құқық қорғаушылар: Блэкмен Леонел Фрэнсис, Руби Сантхоу, Мария Мусина (Ұлыбритания) үздіксіз қатысты.
Сондай-ақ, процеске А. Шорманбаев (Адам құқығы хартиясы» ҚҚ), П.Дудин (тәуелсіз бақылаушы), Г. Агелеуов («Либерти» ҚҚ), Б. Әбілов (ЖСДП «Азат»), Мира Ритманн («NRW» халықаралық құқық қорғау ұйымы), М.Боқаев («Жаңаөзен-2011» халықаралық комитеті), Е. Жовтис («Адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро»), Григорий Энгельс, Кобус Лукас (Польша, құқық қорғаушылар), Йенс-Михаэль Карстен, Тобиас Маркус, Мишель Мариа, Феликс Герман, Себастиан Бух, Майер Стефан, А.А.Шаниева (Қазақстандағы Германия елшілігінің өкілдері), Блэйк Джеймс, Томас Доналд, Йылдыз Лайля (Қазақстандағы Ұлыбритания елшілігінің өкілдері) қатысты.
Ал бұқаралық ақпарат құралдары арасынан процеске «Телерадио» ТРК, «31-арна», «Стан-ТВ», «Қазинформ» ақпараттық агенттігі, «Республика», «Блоггер», «Bnews.kz» және газеттерден «Голос Республики», «Медиагрупп Е», «Ассошейтер пресс США», «Жас Алаш», «Дидар» газеті өкілдері жиі қатысты.
Осылайша аталған процесте ашықтық пен жариялылық толықтай қамтамасыз етілді.