Тазалық пен шынайылықтың кепілі
Сенбі, 3 қараша 2012 7:19
Қазіргі мынау алмағайып заманда құқық қорғау органдарының орны бөлек. Әсіресе, бар әлемді тапшылық қыспағы тарылта қысып келе жатқан шақта ақты ақ, қараны қара деп әділдіктің ақ туын түсірмей ұстау адал адамдарға арқау болудың ардақты амалы екендігі сөзсіз. Бұл орайда әділдік пен адалдықты жүзеге асыру құқық қорғау қызметкерлерінің абыройлы да арлы ісі. Ал ондай адамгершілік қасиеттерді қызметте қолдану адам баласына ортақ тәртіп пен заңдылықты сақтай білуге көмегін тигізеді. Ендеше, осыған орай бұл ойымызға шынайы дәлел ретінде Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде (қаржы полициясында) ведомствоның қызметкерлері арасында тәртіп пен заңдылықты күшейту мақсатында Агенттік Төрағасы Р.Т.Түсіпбеков қаржы полициясы органдары қызметкерінің кәсіби этика кодексін (бұдан әрі – Кодекс) бекітті.

Жоғарыда айтқанымыздай, Кодекс қызметкердің адамгершілік келбеті мен кәсіби мінез-құлқына қоғамдық бақылау тәсілдерінің бірі болып табылады. Яғни, бұл Кодекс адамгершілік құндылықты, қаржы полициясы органдарындағы қызмет қағидалары мен міндеттерін, қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық қалыптарын, сондай-ақ олардың қызметтегі және қызметтен тыс мінез-құлқын, ұжымдағы өзара қарым-қатынастарға қойылатын талаптарды айқындайтын кәсіби-этикалық норма. Бұл орайда қаржы полициясы қызметкерлері ел Конституциясын, заңдарын және басқа да құқықтық нормативтік актілерін мүлтіксіз орындап, адамның және азаматтың ар-намысы мен абыройын құрметтеуі тиіс және мемлекеттік билік пен қаржы полициясы органдарының беделін түсіретін әрекеттерді болдырмауға міндетті.
Ал кәсіби этика кодексінің ережелерін сақтау – қаржы полициясы органдарында қызметте болудың ажырамас бөлігі. Бұл қаржы полициясының азаматтардың құқықтарын және мемлекеттің мүддесін қорғайтын құқық қорғау органы ретінде беделін күшейте түседі. Сөйтіп, қаржы полициясының қызметкерлері өзін ашық және ақ жарқын, ұқыпты және кішіпейіл, азаматтармен қарым-қатынасын сыпайы ұстайды.
Кодекспен қаржы полициясы органдарының басшы құрамына қойылатын кәсіби-этикалық талаптар айқындалады. Осының арқасында олардың қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі сыртқы пішіміне, яғни нысанды және азаматтық үлгідегі киімді киюіне, автокөлікті басқару кезіндегі мінез-құлқы мен қызметтік куәлікке деген көзқарасына қойылатын талаптарды белгілейді.
Өйткені, басшы адам Кодекстің қағидаттары мен нормаларын мүлтіксіз сақтауда жеке үлгілі болуы, өзіндік абыройы мен қарамағындағы қызметкердің пікірін құрметтеуде табандылық көрсетуі, жоғары талап қоя білуі, сонымен қатар, тамыр-таныстыққа және ағайыншылыққа жол бермеуі тиіс.
Сондай-ақ, Кодекс этикалық қақтығыс, мүдделердің қақтығысы ұғымдарын, сондай-ақ олардың алдын алу мен шешу жолдарын анықтайды. Сыбайлас жемқорлық әрекетіне, сондай-ақ қызметкердің ар тазалығы сатылмауы, қызмет мүдделеріне берілгендігіне, қызметтік борышына адалдығына, адамгершілік қасиетіне анықтама беріледі. Сөйтіп, өзіне зор адамгершілік міндеттерін қабылдау қызметкердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқындағы кәсіби-этикалық негізі болып табылады.
Ал, ең бастысы, Кодекс қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қызметтік міндеттерін орындау кезінде оларға қауіп-қатер төнгенде, бопсалау, қорлық пен жала жабылған жағдайда мүдделерін қорғауға кепілдік береді.
Александр ТАСБОЛАТОВ,
«Егемен Қазақстан».