06 Қараша, 2012

Іріктелген кеденшілер

343 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Іріктелген кеденшілер

Сейсенбі, 6 қараша 2012 7:12

Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі жолында ең­бек ете­тін құқық қорғау ор­ган­да­рының жұмысы орасан зор. Олар заңдылықты сақ­тап, қа­ра қылды қақ жарып, әрбір азаматтың құқығын қорғап, ел мүддесіне аянбай еңбек етеді. Десек те, сөйтіп сенген құқық қор­ғау органдарының өзі сыбайлас жемқорлыққа бейім тұрады деген ой қа­лып­тасып қалған. Қылмысты ашу түгілі оны жасыру көп. Сонда мұндай органдардың не қаже­ті бар деген ой мазалай түсе­тіні де рас. Міне, осыған орай Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Жол­дауында: «Маңызды мә­се­ле – құқық қорғау және арнаулы органдарды сапалы кадрлық жаңарту және олар­дың бүкіл жеке құрамын аттес­таттаудан өткізу міндетін қоямын», – деп қадап тапсыр­ған болатын. Осыған орай Елбасының құқық қорғау органдары қыз­меткерлерін кезектен тыс аттестаттау туралы Жарлығы да шықты.

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес, аттес­тат­таудан өтуге жататын қыз­меткер ел заңнамаларын бi­летіндігіне және логикалық ойлау қабілеттілігіне ком­пью­терлiк тестiлеуден өтіп, дене шынықтыру, жауынгер­лiк және қызметтiк даярлық жөнiндегi белгiленген нор­мативтердi тапсырады. Сон­дай-ақ, психологиялық жағы­нан тексеру қарастырылған. Барлық ресiмдердiң ашық және шынайы болуы, әр қыз­меткердiң құқықтарын сақтау мақсатында жеке тәсiлдер қол­данылу жоспарланған. Ар­найы құрылған комиссия­ның алдынан өту, әңгімелесу осы алдыңғы сынақты қоры­тындылап шешім шығарады. Мәселен, Алматы қаласы бойынша Кедендік бақылау департаментінің құқық қор­ғау органы болып табылатын 46 қызметкері кезектен тыс аттестаттаудан өтуде. Ең бі­рінші, жоғары аттестаттау комиссиясынан департамент басшылары өтті. Екінші, санатта орталық аттестаттау комиссиясында департаменттің 10 қызметкері, яғни ішкі қауіпсіздік бөлімі, контра­бан­даға қарсы күрес басқар­масы мен жедел кезекшілік бөлім­дерінің бастықтары сын­ға түсті.
Ал аймақтық аттестаттау комиссиясынан контрабан­даға қарсы күрес басқар­амасы, ішкі қауіпсіздік бөлімі мен жедел бөлімдерінің 34 қызметкері өтті. Яғни 34 қыз­меткердің 22-сі ғана ат­қарып жатқан қыз­метіне сай деп табылды. Ал 5 қызметкер атқарып жатқан қызметіне сай және кадрлық резервке енгізу немесе жоғары қыз­мет­ке ұсынылса, 3-еуі атқа­рып жатқан қызметіне сай емес және басқа қызметке ауыс­тыруға ұсынылған. 2 қызметкер атқарып отырған қызметіне сәйкес болмаған­дықтан жұ­мыс­тан шығарыл­ды, деп хабарлады баспасөз қызметі.
Департамент басшылық­тарынан құралған комиссия құрамына кезектен тыс аттес­таттаудың әділетті өтуіне қосымша қоғамдық бақылау­шылар, яғни Кеден комите­тінің, Алматы қаласының мәслихат және Қазақстан­ның брокерлер қауымдас­ты­ғының өкілімен қатар, БАҚ өкілдері шақырылды. Шақы­рылған қо­ғамдық бақылау­шылар кезектен тыс аттес­таттауға белсене араласып, атқарылып жат­қан кезектен тыс сынаққа оң бағаларын берді. Олардың арасында «Егемен Қазақ­стан» респуб­ликалық газе­тінің тілшісі Бақыт Балға­рина да болды.