13 Қараша, 2012

Британиялық Фемида атышулы қылмыскердің іс-әрекетін айыптады

315 рет
көрсетілді
13 мин
оқу үшін

Британиялық Фемида атышулы қылмыскердің іс-әрекетін айыптады

Сейсенбі, 13 қараша 2012 8:07

Англияның апелляциялық со­ты Әбіләзовті түрмеге қамау ту­ралы ше­шімін күшінде қалдырды. Бұл шешімде сот Әбіләзовтің іс-әре­ке­тін қатаң түрде айыптады: «Сот қаулысына Әбіләзовтей үл­кен ар­сыздықпен және қағидат­сыз­дықпен іс-әрекет танытқан қа­тысушыны көз алдыңа елесте­ту­дің өзі қиын».

Өткен аптада Лондонда БТА банктің Әбіләзовке қатысты та­лап-арызы бойынша негізгі тың­даулар басталды. Онда оған шамамен 7 млрд. долларды заңсыз иеленді деген айып тағылған. Осы­лай­ша, Британия соты кіммен бет­пе-бет келгенін түсінген сыңайлы. Ал егер бұған өзінің отандас­та­ры­нан ұрланған ақша қайда жұм­сал­ғаны туралы ақпаратты қосатын болсақ, Британия апелляциялық сотының шешімінде одан да қатаң түсіндірулер пайда болар еді.

 

Сейсенбі, 13 қараша 2012 8:07

Англияның апелляциялық со­ты Әбіләзовті түрмеге қамау ту­ралы ше­шімін күшінде қалдырды. Бұл шешімде сот Әбіләзовтің іс-әре­ке­тін қатаң түрде айыптады: «Сот қаулысына Әбіләзовтей үл­кен ар­сыздықпен және қағидат­сыз­дықпен іс-әрекет танытқан қа­тысушыны көз алдыңа елесте­ту­дің өзі қиын».

Өткен аптада Лондонда БТА банктің Әбіләзовке қатысты та­лап-арызы бойынша негізгі тың­даулар басталды. Онда оған шамамен 7 млрд. долларды заңсыз иеленді деген айып тағылған. Осы­лай­ша, Британия соты кіммен бет­пе-бет келгенін түсінген сыңайлы. Ал егер бұған өзінің отандас­та­ры­нан ұрланған ақша қайда жұм­сал­ғаны туралы ақпаратты қосатын болсақ, Британия апелляциялық сотының шешімінде одан да қатаң түсіндірулер пайда болар еді.

Естеріңізге сала кетсек, 2009 жылы Банк директорлар кеңесінің төрағасы болып тұрған кезінде Әбіләзовтен мил­лиардтаған АҚШ доллары көлеміндегі активтерді қайтару үшін сот ісі бас­талған болатын. 7 млрд. АҚШ доллары сомасындағы талап осы сот процесіне алаяқтықтың бұрын-соңды сотта тың­далмаған аса ірі көлемі бойынша есте қалды.

Бүгінде осы ұрланған ақшаға Жа­ңаөзендегі тәртіпсіздіктерге қатысқан «Алға» тобы қаржыландырылғаны  дә­лелденіп отыр. Қазақстандықтардан ұрланған  ақша (балаларды қоса есептегенде, Қазақстанның әр тұрғынының қалтасынан Әбіләзов шамамен 1 мың доллар ұрлағаны есептеліп шыға­ры­лып отыр) елімізді жамандауын жал­ғастырып келе жатқан оның билігіндегі БАҚ-тарға да жұмсалуда. Өзінің ашық қылмыстық әрекеттерін жасыру үшін Әбіләзов өзін «саяси азап шегуші» ретінде көрсетуден басқа амал таппағандай. Оның осы тезисті шетелдік құқық қорғаушы органдар мен жекелеген қоғамдық және саяси қай­рат­керлер санасына сіңіру туралы әре­кеттері адам шығынына ұрындырған трагедияға әкеліп соқты.

Қазіргі заманғы қылмыстылық хи­каяты тағы бір алаяқтық және қылмыс жасаушылық сызбасымен толыққанға ұқсайды: өз елін миллиардтаған дол­ларға ұрлаған қылмыскерлер енді сол ақшаны наразылық акцияларын ұйым­дастыруға жұмсап, қарапайым адам­дар­ды  аштық жариялауға және митингтерге арандатып отыр. Міне,  бизнестің жаңа сорты осындай. Және олар­дың түпкі мақсаты – қарабайыр түрде баюға қол жеткізу.

«Құқың үшін күрес» деп аталған нәрсе өте пайдалы және кірісті болып шығып отыр. Және Қазақстанда да Әбіләзов  сияқты байығысы келетіндер баршылық. Олардың арасында әлеу­меттік араздықты қоздырғаны үшін сотталған В.Козлов бар. Ресми түрде ол  жұмыссыз болып саналады және сот­та тек қана волонтерлық секілді қоғамдық жұмыспен айналысқанын мәлімдеген болатын. Сонда ол заң­дастырып алған 500 мың АҚШ дол­ла­ры мен өте қымбат тұратын «БМВ Х5» автомобилі  мен Қазақстанның әр об­лыс орталығындағы пәтерлер және бас­қа да жылжымайтын мүліктер қай­дан келген? Козловтың сол пәтер­лер­дің барлығын «Алғадағы» «әріптес­те­ріне» жалға беріп, айтарлықтай ақша тапқаны да қызық көрінбей ме. Айт­пақшы, оның зайыбы А.Тұрыс­бе­ко­ваның иелігінде әлемдегі аса қымбат автомобильдің бірі – «Порш Кайен» бар. Сонда аса қымбат Мерседестер мен Тойота Камрилердің тұтас бір автопаркінен тұратын көліктер «Алға» волонтерына қайдан келген деген заңды сұрақ туындайды.

Бай Козлов пен оның «Алға» ком­паниясын Жаңаөзенде не қызықтырды екен? Сот көрсеткеніндей, бұл жайт байлығына байлық үстеуге мүмкіндік берсе керек. Оның демеушісі Әбіләзов өзінің ұрлаған миллиардтарынан «Алға­ның» еңбек таласына саяси реңк беру үшін жомарттықпен ақша шашқан. Ол адамдардың санасына қысым көрсету сияқ­ты ескі әдістерді ұтымды пайда­ла­на­ды. Сендер біздің айтқанымызды істең­дер, ал біз сол үшін жақсылап төлейміз. Козлов ұялмастан өзінің басты демеушісі – Әбіләзовтің атын айтады. Тергеу көрсеткеніндей, Жаңаөзеннің қарапайым тұрғындары, мұнайшылар мақсаты халықтың игілігі үшін емес, баюға ғана мүмкіндік беретін лас алаяқтар мен қылмыскерлердің қолындағы құрал ғана болған.

«Мен Владимир Козлов. Мен Әбіләзовпен бірге жұмыс істеймін».

«Біз, жиналысқа қатысушылар, қайтып оралған соң, мәселен, егер біздің біреуіміз үлес­керлер айтатындай қандай да бір на­ра­зылық акцияларына бастамашылық таныт­сақ, өзара келісеміз: «Міне, біздердің митингке шыққымыз келеді». Яғни, осы аумақта тұратын жиналысқа қатысушылардың бар­лы­ғы бізбен бірге және өздерінің адам­дары­мен қоса толықтай осы митингке шығады».

(Қылмыстық іс материалдарынан, Жаңаөзен қаласындағы түсірілім).

Тергеу мәліметтерінше, төрт жарым жыл ішінде Әбіләзов «Алға» тобын ұстап тұру үшін 1 миллиард теңгеден астам ақша жұмсаған. Ақшаны қолма-қол ақша түрінде әр адамға тоғыз мың тоғыз жүз доллар сомасында арнайы шабармандар жеткізіп тұрған. Бірақ топтың ресми салық есептеулері тұрақты түрде нөлді көрсеткен.

«Алғаның» экс-функционері Руслан Сембинов те «Алғаның» құрушысы, демеушісі және «идеялық рух берушісі» Әбіләзов болып табылатынын атап көрсетеді. Оның сөзіне қарағанда, демеушілік Әбіләзовтің сенімді адамдары арқылы жүзеге асырылған. Солардың бірі, міне, осы Козлов болып табылады. Бұл мәліметті Козловтың ісі бойынша куәгер болған Айжангүл Әмірова да қуаттайды. Ол Козловтың мемлекетке қарсы бағытталған жеке деструктивті тапсырмаларын орындап отырған. Атап айтқанда, Әмірова Козловтың баспа өнім­дерін тарату үшін адамдар жал­дау­ды және пәтерлер жалдауды бұйырғанын хабарлады. Ешкімнің де үйін жалға тегін бермейтіні және газеттерді де тегін таратпайтыны түсінікті. Бұлар мемлекетке қарсы жоспарланып қаржы­лан­ды­рыл­ған акциялардың тек кішкентай бөлігі ғана.

Әбіләзов те «Скайп» арқылы әң­гі­мелерінде соншалықты қысылып-қым­тырылмастан, өзінің жалдамалыларына нақты тапсырмалар беріп отырған. Бас прокуратураның деректеріне сүйенсек, 2005 жылы Әбіләзов «БТА Банкке» басшылық жасай отырып, банкке және оның еншілес құрылымдарына тиесілі жалпы сомасы 7 млрд. АҚШ дол­ларынан астам ақшаны ұрлаған. Және Әбіләзов қазақстандықтарға тиесілі сол мил­лиард­тарды еш нәрсеге негізделмеген шам­шыл әрекеттерін қанағат­тан­дыру үшін өзінің жалдамалыларына төлеуге дайын екенін де еш жасыр­майды.

«…менің ұстанымым төмендегідей: бізге нақты бір идея бойынша, нақты бір бағдарлама негізінде адамдарды көшеге шығаруға үйрену керек… Бүгін біз 500 адам шығарсақ, ертең 1000-ға жетеді».

«Егер біз ештеңеден қорықпайтын болсақ, біз ілгері жылжитын боламыз және бәрі де көңілдегідей болады». Сондықтан осы мемлекеттің әлсіз жерлерін табу керек деп ойлаймын: олар – мұнайшылар, шоферлар, үлескерлер (Қылмыстық іс материалдарынан, «скайп-конференция» фрагменттерінен).

Тергеу барысында белгілі болғанын­дай, Козлов арандатушы-белсенділер деп аталатындарды мақсатты түрде іздеп ірік­теуді жеке өзі ұйымдастырып, олар­ды еңбек дауларын саяси арнаға түсіру­ге, ашық дұшпандық пен жанжалдарға, қақтығыстарға, зорлық-зомбылыққа, мү­лік­терді бүлдіріп қиратуға алып келетін жағдайлар қалыптастыруға тәрбиелеуге үйреткен.

Жаңаөзенге Әбіләзов пен Козловтың жалдамалылары Мұрат Тұңғышбаев пен Ғалым Ағелеуов бірнеше мәрте барған. Олар ойларында ештеңе жоқ мұнай­шы­лар­ды заңсыз әрекеттерді жалғастыруға, жұмыс берушілермен ешқандай келіс­сөз­дерге бармауға үндеген. Адамдарды материалдық тұрғыдан нәрлендіріп тұр­маса, жеті ай бойы алаңда отыру сияқты акция мүмкін болмайтыны түсінікті.

Сембиновтің мойындағанындай, «Алға» түрлі жанжалды жағдайлар туындатып, өзіне назар аударту үшін митингтер, пикеттер және басқа да шулы ұжымдық шаралар ұйымдастыруға тиіс болды.

«Біз өзіміздің ықпалымызды үлескерлердің, ипотека алушылардың және бірінші кезекте, мұнай өндірісі жұмысшыларының негізінде белсенді түрде кеңейтуге тиіс болғанымыз түсінікті»… «Кетебаев, «Азаматтық белсенділік» қоғамдық қорының жетекшісі бола отырып, іс жүзінде біз жасаған істерді орындап отырды. Айырмашылығы сол, ол бұл істерін тек Мәскеу қаласында, Ресейде жүзеге асырды» (Қылмыстық іс материалдарынан).

М.Кетебаев – Әбіләзовтің сыбай­ла­сы. Оның артынан көптеген қыл­мыс­тар, оның ішінде қаржылық қылмыстар да тізбектеліп кете береді. Жазадан қауіп­тенген ол шетел асты. Бүгінде Ирина Петрушеваға үйленген. Оның інісі Б.Кетебаев – бірқатар телевизия арналары­ның экс-бас директоры. 2008 жылы ол да Қазақстаннан табанын жал­тыратқан. Қазір Б.Кетебаев еліміздегі оқиғаларды Әбіләзовке пайдалы негізде көрсететін «К+» жеке теле­арнасына жетекшілік етеді. Ирина Петрушева да 2002 жылы заңсыз кәсіп­керлік әрекеттері және салық төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершіліктен қашқан.

Бұл отбасы өзіндік бір дәстүрлерімен ерекшеленеді – Петрушева әуелі Б.Кетебаевпен тұрмыс құрса, кейін онымен ажырасып… оның ағасы М.Кетебаевқа тұрмысқа шыққан.

Тергеу барысында белгілі болға­нын­дай, бұлардың да Жаңаөзендегі тәртіп­сіздіктерге қатыстылығы анықталып отыр. Айғақтардың тізбесі тағы да Қа­зақстаннан тысқары жерлерге арна тар­тады. «Алғаның» бас демеушісі Әбі­лә­зов­ке әлеуметтік алауыздық туындатты, сондай-ақ бір немесе бірнеше қыл­мыстар жасау мақсатында, оларға өзі де «теңдей қатыса отырып, топ құрды және оған басшылық етті» деген бап бойынша айып тағылған.

Аталған бапқа сәйкес, 5 жылдан 10 жылға дейін жеке мүлкін тәркілей оты­рып бас бостандығынан айыру туралы жаза қарастырылған. Істегі тағы бір фигурант – В.Козлов митингтер жинау, акциялар ұйымдастыру, сөйтіп, халықты арандату арқылы күн өткен сайын байи түскен. Осындай әр шара үшін ол Әбіләзовтен айтарлықтай көлемде ақша алып тұрған. Міне, оның табыс көзі осындай болған.

8 қазанда сот «Алға» тобының жетекшісі Козловты бірнеше бап бойынша: әлеуметтік алауыздық туындатты, конс­титуциялық құрылысты зорлықпен құлатуға немесе өзгертуге ұмтылды, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ   құрды деген баптар бойынша кінәлі деп тапты. Козлов мүлкі тәркілене отырып, жеті жыл алты айға бас бостандығынан айырылды.

Британия соты Әбіләзовтің ұрланған миллиардтарды қайда жұмсағанын біліп, былай деп жазған болар еді: «Әбіләзов секілді өзінің елі мен өзінің отандастарына қатысты үлкен арсыз­дық­пен және қағидат­сыз­дық­пен іс-әрекет жасаған сот процесіне  қатысу­шы­ны  көз алдыға елес­тетудің өзі қиын»…