16 Қараша, 2012

Әлем мойындаған жетістік

404 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Әлем мойындаған жетістік

Жұма, 16 қараша 2012 7:27

Еліміздің БҰҰ Бас Ассамблеясының 67-ші сессиясы шеңберінде Адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелігіне алғаш рет сайлануы Қазақстанның халықаралық қоғамдастық тарапынан қолдауға ие екенін тағы бір паш етті.

Қазақ халқы әлемге қашанда өзін қонақжайлығымен әрі дархан көңілімен кез келген ортаға сыйыса алатын ерекше бір қа­сие­ті арқылы танытып келеді. Адам құқықтары жөніндегі кеңеске мү­ше болуы да соның нәтижесі деп білемін. Сонымен қатар, бұл – еліміздегі демократия қағидатта­ры­ның және адам құқықтарының жан-жақты сақталып отырғанды­ғы­ның белгісі. Қазақстан кандидатурасы үшін әлемнің 183 елінің қолдап дауыс беруі осының ай­қын көрсеткіші десем де болады.

Менің естуімше, дауыс беру нәтижесі бойынша біздің ел бе­сінші орыннан көрінген. Тәуел­сіз­дігін алғанына жиырма жыл болған ел үшін оның айтарлық­тай үлкен жетістік екеніне еш шүбә жоқ. Әрине, осы ретте мұн­дай жетістіктің ел мен Елбасы беделі арқасында мүмкін болған­дығын да қаперге сала кеткен жөн. Менің ойымша, осындай бедел арқасында ғана біздің елі­міз­ге мүшелік ету сеніп тапсырылды. Қазақстанның азаматы ретін­де мен үшін бұл игі жаңалық жә­не өте үлкен мәртебе. Өйткені, ке­зекті рет елімізді бүкіл әлем тағы да мойындады әрі сенім артты.

Адам құқықтары тек демокра­тия­лық елдерде сақталарын ес­кер­сек, біздің Конституциямызда адам құқы мен еркіндігін қорғау жан-жақты қамтылған. Екінші жа­ғынан қарағанда, елімізде Ата Заң және оның қағидаттары жұ­мыс істеп тұрғандығынан әлем жұрты хабардар екендігін бұл жағдай анық байқатты. Елімізде адам құқықтары ең жоғары дең­гейде мемлекет тарапынан қор­ғал­ған және де ол құқықтардың мызғы­мастығына Елбасымыз Нұр­­­­сұл­тан Әбішұлы Назарбаев кепіл болып табылады.

БҰҰ Адам құқықтары жөнін­дегі кеңесіне мүшелікке сайлануымыз арқылы біз өзіміздің бойымызда әлеуетіміздің әлі де басым екенін тағы бір дәлелдедік. Бұл, сонымен қатар, елімізге қол жет­кізген жетістіктерімен шектеліп қалмай, әрі қарай да даму тұрғы­сынан үлкен жауапкершілік жүк­теп отыр. Демек, осы адам құ­қықтары саласындағы жетістік­те­рімізді еселеу жолында аянбай тер төгуіміз қажет. Әлемге өзі­міз­дің тұрлаулы ел екенімізді әрі қарай да дәлелдей түсіп, осы тұ­ғырдан таймауымыз керек.

Адам құқықтары қорғалған кез келген мемлекетте қалған мә­селе­лердің барлығы да шешімін табарына ешкімнің де күмәні бола қоймас. Экономикалық, әлеу­­мет­­тік, тіпті этносаралық мәсе­лелер­дің түйткілдерін шешуге болады және оған барлық алғы­шарт­тар жасалған. Елімізде жүз­ден астам этнос өкілдері тұрға­ны­мен, олар­дың құқықтары мен ер­кін­дігі жан-жақты қорғалған­ды­ғын әлем көріп отыр.

Біз біртұтас халықпыз, сон­дықтан да бір елміз. «Бірлік бар жерде, тірлік бар», дейді ха­лық. Міне, сол бірлігіміздің арқасында барлығымыз да ортақ Отанымыз үшін еңбек етіп, осындай жетіс­тіктерге жетіп келеміз және алда да жете берейік.

Хусаин ВАЛИЕВ,

Парламент Сенатының депутаты.