12 Наурыз, 2012

Бендидің мықтылары ауылда

306 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Бендидің мықтылары ауылда

Дүйсенбі, 12 наурыз 2012 7:53

Бүгінгі таңда отандық спорт индустриясын дамытудың уақыты жеткені анық көрініс табуда. Қа­зіргі Үкімет оны дамыту бастамаларына тиісті қолдау шараларын қарастыруға дайын екенін көрсе­тіп отыр. Жыл басында Спорт және дене шынықтыру істері агент­тігінің кеңейтілген алқа мә­жілісінде вице-премьер Е.Орынбаев өз сөзінде: «Агенттіктің өзі әр­бір өңірде спортта дарынды жас­тарды анықтаудың тиімді жүйе­сін ойластырып алғаны жөн. Ондай балаларды бірден тауып, олар­дың қабілет-дарынын дамыту үшін қа­жетті барлық жағдайларды жасау қажет. Болашақта сол спорт­шылар ел намысын қорғайтын болады», деген болатын.

Дүйсенбі, 12 наурыз 2012 7:53

Бүгінгі таңда отандық спорт индустриясын дамытудың уақыты жеткені анық көрініс табуда. Қа­зіргі Үкімет оны дамыту бастамаларына тиісті қолдау шараларын қарастыруға дайын екенін көрсе­тіп отыр. Жыл басында Спорт және дене шынықтыру істері агент­тігінің кеңейтілген алқа мә­жілісінде вице-премьер Е.Орынбаев өз сөзінде: «Агенттіктің өзі әр­бір өңірде спортта дарынды жас­тарды анықтаудың тиімді жүйе­сін ойластырып алғаны жөн. Ондай балаларды бірден тауып, олар­дың қабілет-дарынын дамыту үшін қа­жетті барлық жағдайларды жасау қажет. Болашақта сол спорт­шылар ел намысын қорғайтын болады», деген болатын. Яғни, бұл – ауыл­дық жерлерде бұқаралық дене шынықтыру, спорт жұмыс­та­рын ұйымдастыру және ауыл спорт­шыларының спорттық шебер­лік­терін арттыру мақсатында Үкі­мет тарапынан жан-жақты қолдау болады деген сөз.

Ақтоғай спорты дегенде ең алдымен ауызға волейбол мен допты хоккей келетіні сөзсіз. Өткен ға­сырдың 70-ші жылдарында мұз айдынында жасындай жарқыл­да­ған Ж.Қорабаев, А.Ноғаев, М.Тө­ле­генов сияқты ағаларымыздың са­­ра жолын кейіннен Қ.Хасенов, К.Люпп, А.Кәрімханов, М.Сейсепов, Е.Омарбаевтар жалғастырып, бү­гін­­гі толқынға аманаттап отыр. Жыл­да дәстүрлі түрде өтетін Ж.Қо­ра­баев атындағы жарыс және мереке күндері өтетін ойындарда ауыл жастары бендидің қыр-сы­рын то­лықтай меңгеріп, мұз айдынында әдемі, сапалы ойындарымен көп­ші­лікті таңқалдыруда. Ауыл балалары ешқандай тәжіри­бесіз бенди ойынында ойнақтауды ешкімнен де үйренбей, саңлақ ойыншылардан кем еместіктерін анық байқатуда.

Биылғы жылдың басында Ала­таудың бөктерінде өткен допты хоккейден әлем бірін­ші­лігінде атой салған Қазақ елінің құрамасы қоржынға қола жүлдені салды. Мақтандық, қуандық. Бірақ, Қазақ елі деп отырған құрамамызда жал­ғыз қазақ жігітінің жүргені намыс­ты қамшылайды екен. Кілең Ресей біріншілігінде ойнайтын, сонда тұратын жігіттерден жасақ­тал­ған құрамада ауылдан шыққан қа­зақ жастарына орын бұйырма­ға­ны, әрине, өкінішті. Ондай жастар жоқ деп айтуға мүлде болмайды. Бар, жеткілікті олар. Бірақ, соларды көретін көздер болмай тұр.

Ертеде спорт селекционерлері ауыл-ауылды аралап, балалардың мүмкіншілігін қарап, оларға ба­ғыт-бағдар беріп, дарыны асып жатса, спорт-интернаттарға алып кетіп жататын. Бүгінгі күнде ондай жұмыс мүлде жүргізілмейді. Ауыл балаларының барлығының ондай оқу орындарына барып бі­лім алуларына мүмкіншіліктері ке­ле бермейтіні сөзсіз. Жоғарыда айтып өткенімдей, агенттік жер-жерлерде нақты жұмыстар жүр­гі­зетіні құр сөз жүзінде ғана болып қалмаса деймін. Алдағы уақытта дарынды жастарымызды көруге Алаштың үш арысының атамекені – Ақтоғай өңіріне бенди ойы­ны­­ның майын ішкен білікті мамандарды шақырамын, келіп мүм­кіндігінше оларға қолдау көрсе­теді деп сенемін.

Абылай АМАНЖОЛОВ.

Қарағанды облысы,

Ақтоғай ауданы.