19 Мамыр, 2012

Аралас некені ашық насихаттағаны қалай?

329 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Аралас некені ашық насихаттағаны қалай?

Сенбі, 19 мамыр 2012 7:42

Қазақ «жолы жіңішке», «жартжұрттыққа жаралған» қыз баланы қанша мәпелесе де, қырық үйден тыйым сала білген. Соған орай ұлттық тәлім-тәрбиені тал бойына ұялатып, зердесіне тоқып өскен. Елі менен ерінің тілеуін тілеп, асыл жар, жақсы келін, өнегелі ана болуды пір тұтқан.

 

Сенбі, 19 мамыр 2012 7:42

Қазақ «жолы жіңішке», «жартжұрттыққа жаралған» қыз баланы қанша мәпелесе де, қырық үйден тыйым сала білген. Соған орай ұлттық тәлім-тәрбиені тал бойына ұялатып, зердесіне тоқып өскен. Елі менен ерінің тілеуін тілеп, асыл жар, жақсы келін, өнегелі ана болуды пір тұтқан.

Өкініштісі сол, бүгінде қыздарымыздың кей қылықтары қарадай түңілдіреді. Жат әдеттерге еліктеп, тағылымды дәстүрлерден алшақтап кеткені соншалық, оның соңы опа бермес неше түрлі келеңсіздіктерге ұласып барады. Бұлай түңіле сөйлеуіме мына оғаш жайт түрткі болып, қолыма еріксіз қалам алдыртты. Облыс орталығында Қазақстан хал­қы бірлігі мейрамы тойланып жатқан. Ұлт­тық-мәдени бірлестіктерге грант тапсыру рәсімінен кейін ортаға жас жұбайлар үлкен салтанатпен шақырылып, арнайы сый-сия­пат жасалды. Осы кезде мерекелік көңіл-күйім су сепкендей басылып сала берді. Әп-әдемі қарындасымыздың өзге ұлт өкілінің етегінен ұстағаны ерсі, оғаш көрінгеніне емес, аралас некені ашық насихаттап, мем­лекеттік саясаттың бір бағытына айналдырып жіберген Петропавл қалалық әкімдігі мен ішкі саясат бөлімінің ұстанымына қат­ты қапаландым. Жергілікті азаматтық хал актілерін тіркеу мекемесінің деректері шошындырады. Оған қарап қазақ қыздарының басқа ұлт өкілдеріне тұрмысқа шығуы, олар­дың жетегінде теңіз, мұхит асып кетуі қалыпты үрдіске айналған ба деп қаласың.

Олай болса, жергілікті орындардың ұла­ғат­ты ұрпақ өсіріп отырған алтын құрсақты, нағыз қазақы аналар мен отбасыларды үлгі етудің орнына аралас некені ашық дәріптеп, жұртшылыққа жар салуына жол болсын?!.

Бақыт РАМАЗАН.

Петропавл.