18 Шілде, 2012

Ғани біздің туысымыз еді

526 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Ғани біздің туысымыз еді

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:21

Менің анам Төле өте сымбатты, өзін сәл тәкаппарлау ұстайтын, қаршыға көзді арудың өзі екен.
Ол ел тарихында елеулі орны бар ұла­ғатты адамдардың өнегелі өмірін балалары­ның құлағына құйып өтті. Сондай жандар­дың бірі – елге ерте танылып, 23 жасында қыршын кеткен Ғани Мұратбаев еді.
Анамыздың Ғаниды жақын білуінің сыры мынада екен. Әкеміз Ділмағамбет Қызыл­орда облысының Қазалы жағынан. Ол сауатты, іскер, елге сөзі өтімді, жасынан атқа­мі­нер болып, халықтың қамы үшін көп әрекет жасаған кісі екен. Әсіресе, ашар­шы­лықта, елге әртүрлі зобалаң әкелген саясат­тың қитұрқылары белең алған кездерде жетім-жесірлерге, ғаріп-қасерлерге қолынан келгенінше қарайласып келіпті. Сонысы үшін туған ауылындағылар «Біздің тілеуле­сіміз», «Тілекшіміз»,

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:21

Менің анам Төле өте сымбатты, өзін сәл тәкаппарлау ұстайтын, қаршыға көзді арудың өзі екен.
Ол ел тарихында елеулі орны бар ұла­ғатты адамдардың өнегелі өмірін балалары­ның құлағына құйып өтті. Сондай жандар­дың бірі – елге ерте танылып, 23 жасында қыршын кеткен Ғани Мұратбаев еді.
Анамыздың Ғаниды жақын білуінің сыры мынада екен. Әкеміз Ділмағамбет Қызыл­орда облысының Қазалы жағынан. Ол сауатты, іскер, елге сөзі өтімді, жасынан атқа­мі­нер болып, халықтың қамы үшін көп әрекет жасаған кісі екен. Әсіресе, ашар­шы­лықта, елге әртүрлі зобалаң әкелген саясат­тың қитұрқылары белең алған кездерде жетім-жесірлерге, ғаріп-қасерлерге қолынан келгенінше қарайласып келіпті. Сонысы үшін туған ауылындағылар «Біздің тілеуле­сіміз», «Тілекшіміз», «Тілесіміз» деп атап кеткен көрінеді. Әкеміз анамыздан жиырма жас үлкен болған. Анамыз ауылға келін болып түскенде әкей ел-жұртқа танымал, құрмет-беделі биік, ауылдың арқасүйер азаматы болса керек. «Жігіттің жақсылығы – нағашыдан» дегендей, әкейдің анасы да атақты жердің қызы екен. Ол кісінің ата­ла­рының бірі Тәжімбет 40 жыл болыс болыпты. Ғани Мұратбаев, міне, сол Тә­жім­бет нағашы атамыздың шөбересі. Таратып айт­қан­да, Тәжімбеттен – Арғын, Ар­ғыннан – Садықбай, Мұратбай туады. Ғани – Мұрат­байдың баласы. Ғанидің өзінен төрт жас кіші Күлпаршын атты қарындасы бол­ған. Шешелерінің аты – Бәтима.
Ғани жасынан аурушаң болып өсіпті. Оның үстіне әке-шешесінен жастай жетім қалған, қарындасы да тым жас дүние салған. Келе-келе бүкіл Тәжімбет әулетінен еркек кіндіктіден жалғыз Ғани ғана қалған көрінеді. Біздің әкей алдымен шешесі мен қарындасы, соңынан Ғанидің өзін қо­лын­да ба­ғып-қағып тәрбиелеп, өсіреді. Тіпті бір күні Ғани тырысқақ ауруына ұшыраған кезінде тәуіп-балгерлердің кеңе­сімен оны жаңа сойылған ту көк ешкінің терісіне орап, бес адам болып бүкіл денесін уқалап, аузына ешкі сүтін тамызып отырып бір күн емдеп­ті. Содан Ғани тірі қалып, аман-сау жазылып кеткен екен.
Аласапыран күндер туғанда болыс тұқымынан екенін жасыру үшін әкесіз оны малшы-жалшылардың ішіне араластырып жіберіп, елге қойшының баласы деп таныс­тыратын болыпты. Ақылды, көзінде жігер оты жайнап тұрған баланы кейінірек Қаза­лыдағы мектеп-интернатқа орналастырған. Өскенше оған өзі қамқор болып, асылдың сынығы, тұлпардың тұяғы деп еркелетіп жүрген. Ғани да өзінен 13-14 жас үлкен, әкесіндей болған Ділмағамбет әкемізге әрдайым сырын айтып, ақылдасып, жақын тұтып өскен. Ерте есейген сұңғыла баланың келешегінен әкеміз көп үміт күтіпті.
«Ғани ержетіп, айтулы азамат бола бас­таған шағында қалыңдығы Бақытжанды біздің үйге әкеліп түсірген еді, – дейтін анамыз Төле. – Жас келіннің басына өзімнің ақ орамалымды салғаным есімде».
Анамыз Ғанимен аралас-құралас болған кісілердің біразын жақсы білген. Олардың біразы өз қолынан дәм де татыпты. Сонау 30-шы жылдардағы ашаршылықта бір жолы Қазалы жаққа Әліби Жангелдин келіпті. Сонда анамыз Төле ол кісіні ақ дастарқан жайып қарсы алып, әңгіме үстінде Ғани туралы айтыпты. Жалпы, сол ашаршылық кезінде туысқандарымен барын бөліскені­нің шет жағын ғана шығарып жеткізуші еді. Өзі елге істеген жақсылығын жария етуге аса құмар емес-ті. Соның әсері болуы керек, тағы да қандай атақты адамдармен дәмдес-тұздас болғанының егжей-тегжейін біле алмай қалдық. Бір ғана Ғани мен оның отбасына жасаған шарапатты ісіне қарап, әке-шешеміздің текті адамдар екенін пайымдайтынбыз.
Кейін өсе келе Ғани Мұратбаев туралы жазылған кітаптардың бәрін дерлік іздес­тіріп, тауып оқыдым. Сондай танымал адам­мен туыстас болғанымды, ата-анамның оған деген сүйіспеншілік-мейірімділігін, жа­­саған қайырымын әрдайым мақтан тұтып жүремін. Мұны балаларым мен немере­лерім­нің құлағына құя беруден де еш жалықпаймын.
Панзагүл ДІЛМАҒАМБЕТОВА.
Тараз.