Ұрпақ ұлтжанды болсын десек…
Сейсенбі, 31 шілде 2012 7:16
Тәуелсіздік жылдары қазақ тіліне деген көзқарас өзгерді. Бәрін айт та бірін айт, өзге ұлттардың өкілдері тілімізге ден қоя бастады. Десек те, 20 жылдың ішінде жиырма сөз үйрене алмаған бауырларымыз да бар екені еске түскенде еңсең езіліп, бір түрлі күй кешеді екенсің. Ұрпақ бойына ұлтжандылық қасиеттерді қалай сіңіреміз? Байыптап қарасаңыз, еліміздің теледидар бағдарламасы Ресейдің көшірмесі сияқты, соларша ой толғап, соларша шүлдірлеп жатамыз.
Сейсенбі, 31 шілде 2012 7:16
Тәуелсіздік жылдары қазақ тіліне деген көзқарас өзгерді. Бәрін айт та бірін айт, өзге ұлттардың өкілдері тілімізге ден қоя бастады. Десек те, 20 жылдың ішінде жиырма сөз үйрене алмаған бауырларымыз да бар екені еске түскенде еңсең езіліп, бір түрлі күй кешеді екенсің. Ұрпақ бойына ұлтжандылық қасиеттерді қалай сіңіреміз? Байыптап қарасаңыз, еліміздің теледидар бағдарламасы Ресейдің көшірмесі сияқты, соларша ой толғап, соларша шүлдірлеп жатамыз. Өзімізге, ұлттық салт-дәстүрімізге тән өзгерістер енгізсе деп армандайсың. Мәселен, балдырғандар үшін бұрынғы өткен ата-бабаларымыз, елін, жерін қорғап, жауға шапқан батырлар туралы жырлар желісімен ертегі, қазақша мультфильмдер көрсетілсе деген тілек бар. Бізбен көрші, діні бір өзбек ағайындар теледидардан апта сайын «аталар сөзі, ақылдың көзі» бағдарламасын көрсетеді екен. Негізгі мақсат – балаларды үлкенді, ата-ананы сыйлауға баулу, бұзақылық пен нашақорлықтан сақтандыру. Сол сияқты, біз де телебағдарламалардағы өзге тілдегі кинофильмдер, мультфильмдерді азайтып, Төле, Қазыбек, Әйтеке тағы да басқа би-шешен бабаларымыздың өнегесі мен даналығын жастарға ұсынсақ, қане.
Иман ШӘУДІРҰЛЫ,
Рудный қаласының тұрғыны.
Қостанай облысы.