Теннис • Бүгін, 07:55

Монакодан ұтылды

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ерлер арасындағы Дэвис кубогінің І Әлемдік тобындағы плей-офф сайысында еліміздің құрамасы Монако құрамасымен шеберлік байқасты.

Монакодан ұтылды

Сурет: olympic.kz

Алғашқы болып кортқа Александр Бублик пен Уго ­­Ниша шықты. Еліміздің бірін­ші ра­кеткасы қарсыласын бас көтерт­пей ұтты – 6:0, 6:3. Александр Шевченко мен Валентин Вашеро арасын­дағы бәсекеде де дәл сондай есеп тір­келді. Бірақ бұл жолы фран­цуз теннисшісі басымдық танытты. Келесі күні Александр Бублик пен Бейбіт Жұқаев Ромейн Арнеодо/Уго Ниш жұбымен күш сынасты. Бұл ойынның тартысты өткені соншалық, бар­лық сет тай-брейкке дейін ұлас­ты. Бірін­ші сетте жерлес­тері­міз жеңіске жет­се, қалған екеуі қонақтар­дың пай­дасынан шешілді – 7:6, 6:7, 6:7.

Шешуші сайыс Бублик пен Вашеро арасында өтті. АТР рейтингінде 25-орында тұрған Монаконың марқас­қасы былтыр күзде Шанхайда ұйымдастырылған «Мастерс» турнирінде еліміздің ең үз­дік ойыншысын ойда-жоқта сүріндірген еді. Бұл жолы да Вашеро сол жеңістің кездейсоқ еместігін дәлелдеді. Есеп – 7:6, 7:6. Сөйтіп, Монакодан 1:3 есебімен жеңіліп, мықтылар санатына қосыла алмаған жер­лестеріміз келесі жылы Дэвис кубогінің ІІ Әлемдік тобында өнер көрсететін болды.

Соңғы жаңалықтар