28 Ақпан, 2012

«Ой жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!»

602 рет
көрсетілді
10 мин
оқу үшін

«Ой жырым, қызыл тілім, сенің арқаң!»

Сейсенбі, 28 ақпан 2012 7:17

Жамбыл тәтемнің дү­ние­­­ден көшкеніне алпыс алты жылдың жүзі болыпты. Бірақ ХХ ғасырдың Го­мері атанған, суырыпсалма ақындық өнерінің ға­­­жайып жұлдызына айнал­­­ған Жамбыл Жабаев есімі ұмытылған жоқ. Қайта жаңара, жасара түскендей.

Рас, Жамбыл еуропалық білім алған жоқ, академияны, университетті бітірген жоқ. Бір қа­­­ламгер жазғандай, «бұл Жамбылдың трагедиясы емес», бұл Жамбылдың өзінің академияға, уни­верситетке айналып кеткенін көрсететін ға­жай­ып ғұмыр. Алла өлең қондырған тамаша тағдыр.

 

Сейсенбі, 28 ақпан 2012 7:17

Жамбыл тәтемнің дү­ние­­­ден көшкеніне алпыс алты жылдың жүзі болыпты. Бірақ ХХ ғасырдың Го­мері атанған, суырыпсалма ақындық өнерінің ға­­­жайып жұлдызына айнал­­­ған Жамбыл Жабаев есімі ұмытылған жоқ. Қайта жаңара, жасара түскендей.

Рас, Жамбыл еуропалық білім алған жоқ, академияны, университетті бітірген жоқ. Бір қа­­­ламгер жазғандай, «бұл Жамбылдың трагедиясы емес», бұл Жамбылдың өзінің академияға, уни­верситетке айналып кеткенін көрсететін ға­жай­ып ғұмыр. Алла өлең қондырған тамаша тағдыр.

Жамбыл – қазақ ауыз әдебиетінің энциклопедиясы. «Жамбыл менің жай атым, халық ме­нің шын атым», деуі ұлы ақынның осы қа­­сиеттерін даралап тұр емес пе? 1940 жылдың ақпанында жаз­­­ған ақынның хатшысы Ғали Ормановтың күн­­де­­­­­лігіндегі: «…оқымаған кісі­­­мін. Әйтсе де бай­­қай­мын, халық көп біледі. Ме­­нің білімім – сол ха­­­лықтың білгендері. Мен халықтың сөзін айттым», деген сөздер қандай терең, қандай салмақты!

Жамбыл қаласынан өтіп бара жатқанда:

Атыңнан айналайын, Әулиеата,

Атымды ап қойдың деп болма қапа, –

деп келетін кешу алысу сөзі не тұрады?

Әсте, қазақтың табиғатында сал-серілерді, ақын-жырауларды қастерлейді де, жеке өз отбасына келгенде, одан қашуға тырысатын әдет бар. Жабай бабамыз да Жамбылдың өлең қуғанын қаламағаны белгілі. Мал табу немесе молда болу сияқты кәсіпті несіп етсе, қатарынан қалмас деп пайымдайды. Сондықтан да молда алдына апарып, тізе бүктіреді. Бірақ асау жүрек әке шешіміне көндікпейді. Он бестегі бозбала:

Оқығанша мен одан,

Домбыраны қолға алам.

Өлең кірген түсіне,

Жөргегінде мен болам, – деп қасиетті өлеңге жығылады.

Менің пірім – Сүйінбай,

Сөз сөйлемен сыйынбай.

Сырлы, сұлу сөздері,

Маған тартқан сыйындай, – деп бұл сөздерді өз жүрегіне бойтұмар етіп, көзі жұмылғанша өлеңге, домбыраға, киелі өлеңге адал болды. Өзінің өмірге деген құштарлығы, адам тани бі­ле­тін абыздық қасиетінің арқасында замана көшіне ілескенмен, өзін басшылармен де, қосшылармен де тең ұстады. Қазақы қалжың мен мысқыл, әжуа, сынды өмірлік қағидаттарды шебер пайдаланатыны сондай, ақынның астарлы сөзінен жа­қындары да, жоғарыдағылар да сескеніп жүретін-ді. Тіл – құдірет, тіл – садақ, тіл – мазақ, тіл – мадақ. Мұны Жамбыл бабамыз жетік білді:

Елімнің азаматын таныс қылған,

Ой-жырым, қызыл тілім сенің арқаң, –

деп Жамбыл тәтем бекер айтты дейсің бе?

Жамбылдың осындай дара қасиеттерін, қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов тайға таңба басқандай етіп жазып кетті.

«Жамбыл – ақыл-ойдың алғыры, өзгеге ұқса­майтын дара, оқшау бет-бейнесімен аса зор құ­былыс. Оның бір өзі эпик ақын, әрі айтыс ақыны, әрі азаматтық әуеннің де ақыны».

Ұлыны ұлы ғана таниды. Әуезов мойындаған, Сейфуллин бас иген, Сәбит Мұқанов ардақтаған, Ромен Роллан сәлем салған, Ғабит Мүсірепов сын­ды сырбаз жазушы еркелеген Жамбыл ба­ба­ның ән-жыры, күйлері мен айтыстары, дастандары қа­­зағымен бірге жасайтын ұлттық құнды­лыққа айналып кетті. Енді тарих доңғалағы кері кетпейді, егемен, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық бренді ретінде Жамбыл баба есімі жасай береді, жасай береді.

Жамбыл поэзиясы – шыншыл поэзия. Өмірді өлеңмен өрнектеген ақын жырларынан қазақ тұрмысының, қазақ қоғамының әділетсіз болмысын шенеген өлеңдері оның атын ерте шығарды. Әрі Жамбыл үшін поэзия Алланың берген сыйындай қастерлі, қасиетті.

Сары түнге сарылып, кірпік ілмей,

Салқын күзде бір жылы үйді білмей.

Сахарада салақтап күндіз-түні,

Бұралқы ит пен малшының күні бірдей.

Осы төрт жол қандай жанды сурет, көңілге түскен көркем бейне емес деп кім айта алады?! Сондықтан да дарабоз ақын Сүйінбайдан жалғас­қан азаматтық поэзияның сарқылмаған бастауын көреміз, ақын сөзіне сенеміз.

Жамбыл жай ғана ақын емес. Жамбыл күрес­кер ақын. 1916 жылғы көтеріліс кезінде Жамбыл баба 61-дегі, сол кездегі тіркеспен айтсақ, шау тар­тып қалған кезі еді. Бірақ ақын жүрек, ақын тілек Жамбылды үнсіз қалдыра алмады. Ақын­ның дауысы зор естілді, оның дауысы Қастек, Қаскелең асып, Жетісу бойында қаулаған өрт­тей ду ете түсті.

Осыған тірі отырып көнеміз бе?!

Іріктеп бар боздақты береміз бе?

Болмаса елдік қылып тізе қосып,

Батырға қол бастаған ереміз бе?

Болмаса, мына өлең шумағына назар аударыңызшы:

Аттандық ұлығының қонысына,

Елді сорған борсықтай болысына.

Көп ерлер қаза тапты жауға аттанып,

Көксеген азаттықтың соғысында.

Міне, ақын аңсаған азаттық келгенде Жам­был­­дың өлеңі де өзгерді, жыр шумақтары да түр­ленді. Ақын Кеңес өкіметі әкелген жақсылық­тар­ды кәрі жүрегімен, ақындық сезімімен қабыл­дады. Ақын бақытқа кенелді, ақынның жыры шуақтанды. Ал неміс-фашистері ойран салғанда ерттеулі атқа қайта мінді, ақын жүректен шыққан сөздер жауға снаряд секілді атылды. Әрине, бұл теңеу сөз. Бірақ шындық. Жамбылдың атақты «Ленинградтық өрендерім» жыр-плакаты, жыр жолдауы 1941 жылы неміс-фашистері Ленинградты блокадаға алып, тас құрсауға айналдырған кезінде жазылды.

Орыс ақыны Александр Прокофьев «…Жыр ірі әріптермен теріліп, көшелерде плакат болып ілін­ді. Көздерінен жастары сорғалаған талай адамдарды көрдім. Немістердің самолеттері төбе­де ұшып, бомба тастап жүргенде, одан қашып тығылудың орнына, Жамбылдың жыры басылған газетті сатып алу­­ға, көшедегі киоскілерде кезекте тұрған адамдарды талай көрдім», деп жазуы сол дәуірдің шындығы.

Бүгінде Санкт-Петербургте Жамбыл атындағы көше, ақын ескерткіші тұр. Жетісудың жеті өзе­нін­дей ескерткіш алдында су ағып жатыр. «Ле­нинградтық өрендерім» өлеңінің шумақтары жа­зылған әріптер сол сумен бірге күнге шағы­лы­сып, көз тартады. Қашан барсаң да Санкт-Петер­бургтегі Жамбыл баба ескерткішіне гүл әкеліп жүрген адамдарды көресің. Жүрегі қартаюды білмеген Жамбыл халықтың нағыз ақыны екенін осындай сәтте ерекше сезіне түсесің.

Өлең Жамбылдың атын шығарды, Жамбыл өлеңнің киесін көтерді. Бұл – талассыз шындық.

Қор болмаймын өлгенше,

Өлеңіме-ақ сыйындым, – деп жырлап еді ақын баба осыдан тұп-тура жүз жыл бұрын.

Иә, Жамбыл баба сыйынған өлең Жамбылдың есімін асқақтатты. Мұны ақын-жүрек сезді. Сезіп қана қоймай өлеңмен өрнектеді.

Домбырасын серік қып,

Өткізді Жамбыл ғасырды.

Өлеңді төгіп, өрнектеп,

Асулардан асырды, – десе, енді бірде:

Өлеңмен ойып оюды,

Сөзді мініп желдедім, – дейді ақын. Жүйрікті, сәйгүлікті, жорғаны, тұлпарды мінгенді білетін едік. Ал сөзді мінген Жамбыл ғана. Жарықтық, қалай, қалай көсіледі. Міне, өлеңнен ою ойған Жамбыл осы!

Осы арада бір айта кететін жәйт, енді төрт жылдан кейін ұлы бабамыз Жамбыл Жабаевтың туғанына 170 жыл толады екен. Алайда, бүгінгі күнге дейін Жәкеңнің академиялық бірде-бір жинағы жарық көрмепті, академиялық библио­графиялық толық көрсеткіші жасалмапты. Тамаша адамдар тағдыры циклынан ғұмырнамалық өмір­баяны жазылмапты. Осынау кемшіліктің орнын толтыратын уақыт келді десем, М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер институты бұрын­да­ры жабылып қалған Жамбылтану және автор­лық ха­лық поэзиясы бөлімін қайта ашып отыр. Мақсат, Жамбыл Жабаевтың академиялық 3 томдығын, биб­лиографиялық көрсеткішін, ғұ­мыр­­намалық өмір­баянын зерттеп, ғылыми айналымға қосу.

Жамбыл бабам:

Уа, әлеумет, құлақ сал!

Қария Жамбыл жырласын!

Мен сөйлемей кім сөйлер,

Заманам менің сырласым, –

деп еді. Заман өзгерер, уақыт зымырар, бірақ өзгермейтін бір-ақ нәрсе, ол құрыштай құйылған Жамбыл бабаның өлеңдері.

Уәлихан ҚАЛИЖАН, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры, Қазақстанның енбек сіңірген қайраткері.