12 Наурыз, 2010

МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

663 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Таллинн қаласында экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Эстония үкіметаралық комиссиясының бірінші отырысы өтті. Аталған комиссия 2009 жылғы 7 қыркүйекте Эстония Премьер-министрі Андрус Ансиптің Қазақстанға ресми сапары барысында қол қойылған келісімге сәйкес құрылған. Үкіметаралық комиссияны Қазақ­стан тарапын Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы Рәпіл Жошыбаев, ал эстондық жақты Экономика және коммуни­кациялар министрі Юхан Партс бас­қарды. Комиссия отырысы ба­рысында екіжақты әрекеттестік мә­се­лелері, соның ішінде көлік және транзит, энергетика, ақпараттық тех­но­логиялар, туризм, ауыл ша­руа­шылығы, білім беру, ғылыми зерт­теулер, мәдениет, денсаулық сақтау секілді мәселелер талқыланды. Комиссияның тиімді жұмысы екі мемлекеттің сауда-экономикалық және ғылыми-техникалық сал­а­лар­дағы ынтымақтастығының терең­детілуіне мүмкіндік туғызады деп күтілуде. Отырыс нәтижесінде екі жақты сауда-экономикалық ын­тымақтастықтың перспективалы ба­ғыттары белгіленген хаттамаға қол қойылды. Рәпіл Жошыбаевтың Эс­то­ния Премьер-министрі Андрус Ансиппен өткен кездесуінде оның 2009 жылдың қыркүйек айында Астана қаласына сапары ба­рысында қол жеткізілген ке­лісімдерді дамытуға бағытталған Қа­зақстан мен Эстония ара­сын­дағы қарым-қатынастарының өзекті мәселелері талқыланды. Эс­тония Үкіметінің басшысы Қазақ­станның халықаралық беделін жоғары бағалай отырып еліміздің ЕҚЫҰ-дағы төрағалығына жетістіктер тіледі. Таллинн қаласына сапары ба­рысында қазақстандық делегация бас­шысы Эстония Парламенті эконо­ми­калық комитеті төрағасы У.Клааспен, Қазақстанмен ынты­мақтасу жөніндегі парламенттік тобымен, Эстония Сыртқы істер министрі орынбасары К.Куллмен, “Таллинн кемежайы”, “Эстония темір жолдары” және “Эсти энерджи” компаниялары басшы­ла­рымен кездесіп, Қазақстан мен Эстония арасындағы екі жақты және көп жақты форматтарында әрекеттесу мәселелерін қарас­тыр­ды, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.