10 Қазан, 2012

Дүркіреп өткен бір нөсер…

298 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Дүркіреп өткен бір нөсер…

Сәрсенбі, 10 қазан 2012 7:02

Зайсан қаласында құйрықты жұлдыздай өмірден ерте ағып өткен, қазіргі қазақ поэзиясында дүркіреп өткен нөсер жаң­быр­дай өзіндік қолтаңбасы бар ақын,  «Алаш» сыйлығының иегері Нұрлан Мәу­кенұлы­ның есімін есте қалдыру үшін елеулі шаралар ұйым­дас­тырылды. Өңірдің ардақты ұлына көше атауы беріліп, салтанатты жиын болып өтті.

 

Сәрсенбі, 10 қазан 2012 7:02

Зайсан қаласында құйрықты жұлдыздай өмірден ерте ағып өткен, қазіргі қазақ поэзиясында дүркіреп өткен нөсер жаң­быр­дай өзіндік қолтаңбасы бар ақын,  «Алаш» сыйлығының иегері Нұрлан Мәу­кенұлы­ның есімін есте қалдыру үшін елеулі шаралар ұйым­дас­тырылды. Өңірдің ардақты ұлына көше атауы беріліп, салтанатты жиын болып өтті.

Осынау шарада Зайсан ауда­нының әкімі Серік Зайнулдин: «Қазақ қашанда ел ағасына, қазыналы қартына, ақылы асқан жасына жол беріп, айтқанынан шықпай келе жатқан халық. Арғы-бергі тарихқа ой жіберсек, сөз ұстаған парасат иесін, елін жақсылыққа бастаған тұғырлы тұлғаны, елінің-жерінің мәртебе­сін асқақтатып жүрген өнер адамдарын, ұлттық үрдістің жалғасы, болашақ жас ұрпаққа жеткізу біздің басты бағытымыз болу керек» деген пікір айтып, осындай шаралардың өтуіне облыс әкімі Бердібек Сапарбаев­тың ұйытқы болып, үнемі назарда ұстап отырғанына да тоқтал­ды. Ал өз кезегінде сөз алған Зай­сан қаласының әкімі Марат Уәли көше тұрғындарының ке­лісімі негізінде қабылданған аудандық мәслихат депутат­та­рының шешімін көпшілікке оқып беріп, осы көшені жөн­деуге 15 млн. теңгеден астам қаржы жұмсалғандығын айтты. Көшенің абаттануына зайсандық көпшілік риза. Бұл мәртебелі жиынға Нұрлан Мәукенұлының курстас достары мен замандас­тары – «Егемен Қазақстан» РГ» АҚ вице-президенті Еркін Қы­дыр, Еуразия ұлттық универ­си­тетінің ұстазы Айтмұ­ханбет Есдәулетов, «Түркістан» газеті бас редакторының бірінші орынбасары, жазушы Жаңабек Ша­ғатай, «Қазақстан» газетінің бас редакторы Серғазы Мұхтар­бек, «Семей таңы» газетінің директоры – бас редактор Риза Молдашева, белгілі журналист Ермұ­рат Бапи, жазушы Талғат Кеңес­баев, ҚазМУ-дың оқыту­шысы, Ажар Бейсенбаева қатыс­ты. Сонымен қатар, ақынның ана­сы Дәмеш, жары Гүлмира, енесі Бикамал және туыстары да түгел жиналыпты.
Жиын барысында Астана, Алматыдан келген Нұрланның өмірдегі, өнердегі достары те­бі­рене сөйлеп, оның шығарма­ла­рынан үзінділер оқып, есте­лік­тер айтты. Жылы лебіздерін білдірді. Сонымен қатар, Зайсан ауданының құрметті азаматы Б.Жапаров, ардагер-ұстаз М.Бексатов, көше тұрғыны Г.Ражанова, аудандық мәсли­хат­тың хатшысы Д.Ыдырышов та сөз сөй­леді. Осынау жиында сезімге толы сәттер аз болмады.
Күздің ызғарына қарамастан мектеп оқушылары ақынның өлеңдерін шабытпен оқыды. Ал аудандық мәдениет үйінің әртіс­тері жиналғандарға ән-жырдан шашу шашты. Нұрланның туыс­тары қазақтың дәстүріне сай марқұмға құран-хатым түсіріп, ас берді. Ас соңынан ақынның жуырда ғана жарық көрген «Бой­тұмар» атты өлеңдер жи­нағы қатысушы көпшілікке таратылды.
Нұрландай біртуар ақынды қалың елі, оқырман ұмытқан жоқ. Ер азаматтарының бірлігі, құлшынысының арқасында Нұр­лан Мәукенұлының есімі өзінің туған жерінде де қазақ әдебиеті әлеміндегі тәрізді мәңгі жарқы­рап тұра бермек.

Қалибек АЛТЫБАЙ.
Шығыс Қазақстан облысы, 
Зайсан ауданы.