Акция кезінде облыстық полиция департаментіне 50 тұрғыннан өзінде заңсыз сақталған қаруды ақысына өз еркімен өткізгісі келетінін айтқан өтініштер түскен. Олардан 4 түрлі 65 мылтық және 54 оқ-дәрі сатып алынды.
Облыста бұл акцияны өткізу үшін республикалық бюджеттен 3 миллион 225 мың теңге бөлінді. Ал жалпы республика бойынша осы мақсатқа 11 миллион 168 мың теңге жұмсалған. Қостанай облысына тұрғындардан қару сатып алуға бөлінген ақша толлығымен игерілді.
Акция кезінде заңсыз сақтаған қаруы мен оқ-дәрілерін өз еркімен тапсырған тұрғындар әкімшілік және қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.