Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

Кентаулық жастар қарияларды қамқорлыққа алды

585 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан облысы Кентау қаласы бойынша бүгінде 10 ардагер, 800-ден астам тыл еңбеккері бар. Осы аға буынның амандығын ойлап, қамқорлық көрсетіп келе жатқан жастар «Nur Otan» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» партиялық жобасы аясында акция ұйымдастырды.

Кентаулық жастар қарияларды қамқорлыққа алды

Екінші дүниежүзілік соғысы батырларының есімімен аталған көшелер мен даңғылдарды және ескерткіштерін  тазалаған жастар ардагерлердің үйіне барып, көмек көрсетті. Жастар саны 50 мыңнан асатын Кентауда С.Қожанов саябағындағы «Азалы ана» стелласына, «Кеншілер» саябағына, Қонаев даңғылына тазалау жұмыстары жүргізілді. «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық филиалының ұйымдастыруымен қала жастары аллеяларды артық шөптерден тазартып, гүл егетін орындарды дайындады. Партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Сағынбек Асылбековтің айтуынша, мұндай шаралар жоспарлы түрде ғана емес, ұдайы өткізіліп тұратын болады. «Біз мұндай акцияларды жиі өткізіп тұрамыз. Қаладағы әрбір оқу орындары әр  ардагермен тұрақты байланыс орнатқан. Яғни, жағдайларын біліп, өзіндік көмектерін көрсетіп тұрады. Емханамен бірлесе ұйымдастыратын «Ардагер денсаулығы» атты акцияда денсаулықтары тексеріледі. Одан бөлек, ерікті жастар үйлеріне барып ауласын тазалап, отын-суын дайындап, үйішілік жұмыстарына көмектеседі» –дейді, қалалық Жастар ресурстық  орталығының директоры Қанат Бекметов.

Ардагерлердің үйінде болып жағдайын білген жастар сый-сияпат жасап, көнекөз қариялардың әсерлі әңгімелерін тыңдап, батасын алды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше