03 Сәуір, 2012

Діттеген тоғыздан – бес жолдама

386 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Діттеген тоғыздан – бес жолдама

Сейсенбі, 3 сәуір 2012 7:32

Астанада Елбасы Н.Назарбаевтың жүлдесі үшін күрес түрлерінен өткен халықаралық турнир аяқталды. Оған Азияның 22 елінен балуандар қатысып, үш күн бойы сары құрлық бойынша Лондон Олимпиадасының лицензиясын сарапқа салды.

Осы додада Қазақстан балуандары бес жолдаманы жеңіп алды. Еркін кү­рестен Ақжүрек Таңатаров (66 кг) пен Мұрад Муталимов (120 кг), грек-рим күресінен Дархан Баяхметов (66 кг), Да­ниал Гаджиев (84 кг), әйелдер күре­сінен Елена Шалыгина (63 кг) Олимпиада жолдамасына ие болды. Соның ішінде грек-рим бал­уандары мен Елена Шалыгина турнир­дің жеңімпазы атанса, еркін күрес ше­бер­лері күміс медальды қанағат тұтты.

Негізі біз осы турнирде 9 лицензияны жеңіп алуды мақсат еткен болатынбыз. Атап айтқанда, бізге грек-рим кү­ресінен – 4, әйелдер күресінен – 2 және еркін күрестен 3 жолдаманы жеңіп алу керек болатын. Алайда, турнир басталысымен бәрі біз ойлағандай болмады. Әуелі еркін күресте 84 килодағы Семен Семенов финалға шыға алмай, жартылай финалда Иран балуанынан ұтылып, жолдамадан қағылып қалды. Ол ел чемпионы Қанат Бердиевтің орнына шы­ғып, өнер көрсетті. Ал Бердиевке дәрі­герлер жарақатына байланысты жа­рыс­қа қатысуға рұқсат бермеді. Бірақ, оның Қытай мен Финляндияда өтетін әлем чемпионатына қатысуға да мүмкіндігі бар. Осы сынға енді Семенов екеуінің біреуі қатысатын болады.

Ал кешегі турнирде, жаңа айтқаны­мыздай, еркін күрес балуандарының арасынан бізге тек екі жолдама ғана бұйырды. Ақжүрек Таңатаров финалда өзбек Наурызовтан алтын жүлдеге қол­со­зым жерде сүрінсе, Муталимов та өзбек­стандық Олимпиада чемпионы Таймазовтан жеңілуге мәжбүр болды.

Грек-рим күресінде де 4 жолдама ала­мыз деп екі жолдаманы қанағат тұт­тық. Мұнда да еркін күрестегі жағдай қайта­лан­ды. Мәселен, 96 кило салмақта күрес­кен Марғұлан Әсембековтің орнына Ер­ұлан Ысқақов шығуы керек болатын. Алай­да, оған да дәрігер жарысқа қатысуға рұқсат бермеді. Сөйтіп, Ысқа­қов­тың орнына шыққан Әсембеков ширек финалда қарсыласынан ұтылып қа­л­ды. Үміт арт­қан балуандарымыздың бірі 55 килодағы Асхат Құдайбердиев те қар­сыласынан жеңілуге мәж­бүр болды. Әйелдер күресінде 55 кг сал­мақтағы Айым Әбділдина, өкінішке қа­рай, Олим­пиада жолдамасы берілетін сын­­да үнді қызы Гита Гитаға есе жіберді. Осы үнді қызы финалда жеңімпаз атанды.

Міне, осындай нотада Астанада үш күнге созылған турнир аяқталды. Былтыр Түркияның Ыстамбұл қаласында өткен әлем чемпионатында 9 жолдаманы иеленген жетістігімізді балуандарымыз бұл жолы қайталай алмады. Ал әзірше, күрес түрлерінен мына балуандарымыз Олимпиада жолдамасын иеленіп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Еркін күрестен Дәулет Ниязымбеков (55 кг), Дәурен Жұмағазиев (60 кг), Абдулхаким Шапиев (74 кг), Таймураз Тигиев (96 кг), грек-рим күресінен Алмат Кебісбаев (60 кг), Асхат Ділмұхамедов (74 кг), Нұрмахан Тінәлиев (120 кг), әйелдер күресінен Жұлдыз Ешімова (84 кг) мен Гузел Манюрова (71 кг). Еркін күресте 84 кг, грек-рим күресінен 55 кг мен 96 кг және әйелдер күресінде 55 кг салмақта Олимпиада лицензиясы болмай тұр. Олардың мәселесі алдағы уа­қыт­та Қытай мен Финляндияда өтетін әлем чемпионаттарында шешіледі.

Дастан КЕНЖАЛИН.