07 Сәуір, 2012

Моңғолия құрамасындағы қазақ

303 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Моңғолия құрамасындағы қазақ

Сенбі, 7 сәуір 2012 7:53

Астанада бокстан Азия ай­ма­­­ғы бойынша өтіп жатқан ха­лық­ара­лық лицензиялық тур­нир­дің ал­ғаш­қы күні Моңғолия құрамасында өнер көрсететін қазақ боксшысын кездестірдік.

Бұл жігітті біз былтыр Моң­ғолияның жыл спортшысы атан­ға­нынан, ал биыл ел чемпионатында топ жарып, бас жүлдені жеңіп алғанынан білетінбіз. Бі­рақ, ол Алтайдың ар жағында, біз бер жағында болғаннан кейін жақын әңгімеге тартудың сәті түспей келген еді. «Іздегенге сұ­ра­ған» дейді ғой, Моңғолия құра­масында өнер көрсететін қанда­сымызды Астанаға барлық елдерден боксшылар жинала бастаған кезде іздеп жүріп таптық. Оның аты спортсүйер қауымға біраз танылып қалған.

Сенбі, 7 сәуір 2012 7:53

Астанада бокстан Азия ай­ма­­­ғы бойынша өтіп жатқан ха­лық­ара­лық лицензиялық тур­нир­дің ал­ғаш­қы күні Моңғолия құрамасында өнер көрсететін қазақ боксшысын кездестірдік.

Бұл жігітті біз былтыр Моң­ғолияның жыл спортшысы атан­ға­нынан, ал биыл ел чемпионатында топ жарып, бас жүлдені жеңіп алғанынан білетінбіз. Бі­рақ, ол Алтайдың ар жағында, біз бер жағында болғаннан кейін жақын әңгімеге тартудың сәті түспей келген еді. «Іздегенге сұ­ра­ған» дейді ғой, Моңғолия құра­масында өнер көрсететін қанда­сымызды Астанаға барлық елдерден боксшылар жинала бастаған кезде іздеп жүріп таптық. Оның аты спортсүйер қауымға біраз танылып қалған. Десек те айта кетейік. Оның аты-жөні – Ерболат Төлек. 1990 жылы 25 қараша күні Баян-Өлгей қаласында ту­ған. Бокспен айналысқанына екі-ақ жылдай уақыт болыпты. Ал­ғашқы кезде күреспен айналыс­қан екен. Күрес болғанда қазақ күресінен басқасының бәрімен айналысқанмын дейді. 2010 жылы былғары қолғапты киіп, әске­рилердің орталық спорт клубында бокспен айналыса бастаған екен. Алғашқы бапкері Қайнар Қайсанай деген азамат болыпты. Ал қазір ұлттық құраманың бас бапкері Ганзариг Тимиудорждың қарамағында жаттығады.

– Қайнар Қайсанай – байөл­ке­лік бапкер. Мені боксқа әкелген осы кісі. Содан алғаш рет жас­өс­пі­рімдер арасында өткен ел чемпионатына қатысып, қола жүл­де­гер атандым, – дейді Ерболат.

Қандасымыз көп сөзге жоқ, сыпайы, қарапайым, кішіпейіл, адамды жақын тартатын жігіт екен. Әңгіме кезінде оның ата-әжесінің осыдан біраз жыл бұрын Көкшетауға көшіп келгенін біл­дік. Ал әке-шешесі, басқа туыс­қандарымен бірге Баян-Өлгейде тұрады екен. Көшіп келуге ойла­рың бар ма десек, біз енді ол жақта үйреніп қалдық қой. Бірақ, бәрін бір Алла біледі, дейді. Ерболаттың тағы бір айтқаны, Моңғолияда одан басқа талантты екі боксшы бар екен. Біреуі – 52 килодағы Еркін Жамантай, екін­шісі 75 килодағы Ыбырайым Ті­леу­хан. Осы екеуі биылғы ел чемпионатында қола жүлдегер атаныпты. Ал жалпы, Моңғо­лия­да бокспен айналысатын қазақ балалары өте көп көрінеді. Ерболаттан біздің құрамада кімнің бокстасқаны ұнайды, олардың бәрін танисың ба деп сұраған едік. Бәрін танитынын, көбісімен дос екенін, ал  боксшылардың ішінде екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиевтің өнері ұнайты­нын айтты. Ал өзінің салмағын­дағы Василий Левитті ол сырттай ғана біледі екен.

Ерболат Астанада лицензия ала алмаса, оған еш өкінбейтінін, әлі жас екенін, келесі жылы Қа­зақстанға тағы келіп, осында өте­тін әлем чемпионатында бар күш-жігерін салатынын, ал одан кейін міндетті түрде Олимпиа­даға жолдаманы жеңіп алуға тырысатынын жеткізді.

Дастан КЕНЖАЛИН.

Суретте: Е.ТӨЛЕК.