17 Мамыр, 2012

Жазира – әлем чемпионы!

336 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жазира – әлем чемпионы!

Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:38

Сүйінші, ағайын!

Кеше тұңғыш рет қазақ қызы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды! Осымен екінші рет қазақтың атын күллі әлемге паш етіп отырған батыр қызда­ры­ңыз – ол Жазира Жаппарқұл!

2009 жылы Сингапурдегі жасөпірімдер ара­­­сын­дағы Олимпия ойындарында алтыннан алқа та­­ғын­ған қызымыз кеше тағы бір рет, 20 жасқа дейінгі жас­тар арасынан әлемде алдына жан салмай, міне, Қазақ­станның көк туын биікте жел­бі­­­ретіп, әнұра­нымызды асқақтатты! Бұл – қазақ ауыр атлетші жас­тары арасында бұрын болмаған жетістік!

Ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар ара­­сын­дағы әлем чемпионатының, 69 кг-ға. дей­інгі сал­мақ дәрежесі бойынша қыздар арасынд­а­ғы бәсе­кеде Жазира қоссайыста 239 кг.көтеріп,  (жұлқуда – 106, серпе көтеруде – 133 кило) азулы Таиланд, Қытай, Ресей атлеттерінің алдын орады.

Бұл – бүкіл қазақтың, қазақ спортының баға жетпес жетістігі.

Гватемаланың Антигуа қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатына барлығы 52 елден 440 атлет жиналып, бақтарын сынауда.

Меңдіхан ТӘПСІР,

Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы,

Ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы, арнайы «Егемен Қазақстан» үшін –

 Антигуадан (Гватемала).