Жазира – әлем чемпионы!
Бейсенбі, 17 мамыр 2012 7:38
Сүйінші, ағайын!
Кеше тұңғыш рет қазақ қызы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды! Осымен екінші рет қазақтың атын күллі әлемге паш етіп отырған батыр қыздарыңыз – ол Жазира Жаппарқұл!
2009 жылы Сингапурдегі жасөпірімдер арасындағы Олимпия ойындарында алтыннан алқа тағынған қызымыз кеше тағы бір рет, 20 жасқа дейінгі жастар арасынан әлемде алдына жан салмай, міне, Қазақстанның көк туын биікте желбіретіп, әнұранымызды асқақтатты! Бұл – қазақ ауыр атлетші жастары арасында бұрын болмаған жетістік!

Ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы әлем чемпионатының, 69 кг-ға. дейінгі салмақ дәрежесі бойынша қыздар арасындағы бәсекеде Жазира қоссайыста 239 кг.көтеріп, (жұлқуда – 106, серпе көтеруде – 133 кило) азулы Таиланд, Қытай, Ресей атлеттерінің алдын орады.
Бұл – бүкіл қазақтың, қазақ спортының баға жетпес жетістігі.
Гватемаланың Антигуа қаласында ауыр атлетикадан 20 жасқа дейінгі жастар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатына барлығы 52 елден 440 атлет жиналып, бақтарын сынауда.
Меңдіхан ТӘПСІР,
Ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы,
Ауыр атлетикадан мемлекеттік жаттықтырушы, арнайы «Егемен Қазақстан» үшін –
Антигуадан (Гватемала).