24 Мамыр, 2012

Саида Хасенова – Олимпиадаға қатысатын тұңғыш қазақ қызы

375 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Саида Хасенова – Олимпиадаға қатысатын тұңғыш қазақ қызы

Бейсенбі, 24 мамыр 2012 7:41

Олимпиадаға 64 күн қалды

Жалқы жолдаманы  иеленді

Қытайдың Циньхуандао қаласында бокс­­тан қыз­дар арасында өткен Олимпиадаға жол­дама бе­ре­тін әлем чемпионатында 60 килода шаршы алаң­ға шыққан Саида Хасенова спорттың осы тү­рінен Олимпиадаға қа­ты­сатын тұң­ғыш қазақ қызы атанды. Ал Жұл­­дыз Мамыт­құлова күміс жүлдені иеленсе, Назым Қы­зай­бай қола медальді қанағат тұтты.

 

Бейсенбі, 24 мамыр 2012 7:41

Олимпиадаға 64 күн қалды

Жалқы жолдаманы  иеленді

Қытайдың Циньхуандао қаласында бокс­­тан қыз­дар арасында өткен Олимпиадаға жол­дама бе­ре­тін әлем чемпионатында 60 килода шаршы алаң­ға шыққан Саида Хасенова спорттың осы тү­рінен Олимпиадаға қа­ты­сатын тұң­ғыш қазақ қызы атанды. Ал Жұл­­дыз Мамыт­құлова күміс жүлдені иеленсе, Назым Қы­зай­бай қола медальді қанағат тұтты.

Қазақта балуан қыздар бол­ға­нын білеміз. Қажымұқанның әже­сі Айсары, Қажымұқанды сас­тыр­­ған Дәусары аналарымыз алапай күштің иесі еді. Балуан Шо­лақтың қызы Бәтен де бұқаны мүйізінен бұрап құлататын балуан болған деседі. Бүгінде сол қарулы қара­көз­де­рі­міздің қата­рын боксшы қызда­ры­мыз толық­тырып отыр.

Қазақ қыздарының былғары қолғап кигеніне 7 жыл ғана толды. 2005 жылы Атырауда өткен қыз­дар арасындағы республика­лық жарысқа еліміздің әр түк­пі­рінен небәрі 22 қыз жиналды. Араға бір жыл салып, Шым­кенттегі додада бокспен кәсіби түрде шұғылда­на­тын қыздардың саны 46-ға жет­ке­нін көз көрді. 2007 жылы Көкше­тауда шымыл­дығын көтерген жарыста шаршы алаңда 83 қыз қол­ғап түйістірді. 2011 жылы Астанада өткен Қа­зақстан­ның 7-ші біріншілігіне 205 қыз қатысып, еліміздің бар­лық облыс­тарынан кем дегенде бір қыздан шықты.

Әйелдер боксынан жеті жыл ішінде қол жеткізген әлемдік дә­ре­жедегі жетістіктеріміз де жоқ емес. Мәселен, 2006 жылы Қы­тай­дың Нингбо қаласында өткен әлем чемпионатында Назгүл Боранбаева ІІІ орын иеленді. 2008 жылғы Азия біріншілігінде Жұл­дызай Иманбаева ІІ орын алды. Оксана Королева, Дариға Шә­­кімова, Саида Хасенова сынды қыздар қола жүлдемен оралды. 2008 жылы әлем чемпионатында Елена Кольцова үздік үштіктен көрінді. 2009 жылы Ханойда (Вьет­нам) өткен Азия бірін­шілі­гінде Саида Хасенова күміс, Дариға Шәкімова қола жүлдені қоржынға салды.

2010 жылы Азия чемпионаты Астана төрінде өтті. Сонда қазақ қыздары жалпы командалық есеп­те көш бастады. Жайна Шекербекова (Шымкент), Саида Хасенова (Алматы), Дариға Шә­кі­мова (Петропавл), Марина Вольнова (Астана) Азия чемпионы атан­са, Назгүл Боранбаева (Астана) күміс жүлде­ге ие болды. Әй­герім Асқарова (Та­­раз), Елена Коль­цова (Қоста­най), Жұлдыз Ма­мытқұлова (Тараз) қор­жынға үш қола жүлде салды.

Жандос БАЙДІЛДА,

журналист.