31 Мамыр, 2012

Жолдамадан айыру – ең ауыр жаза

301 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жолдамадан айыру – ең ауыр жаза

Бейсенбі, 31 мамыр 2012 7:36

Спорт әлемінде Олимпиада қарса­ңын­да тағы бір дау шықты.

Былтыр Әзербайжанның Баку қаласында бокстан өткен әлем чемпионатының алдында Ха­лық­аралық әуесқой бокс қауымдасты­ғы­ның басы бір үлкен дауға қала жаздағанын спорт­сүйер қауым жақсы біледі. Сол кезде бокс қана емес, жалпы спорт әлемі демін ішіне тартқан күй ке­шіп еді. Енді, міне, сондай жағдай тағы да қайта­ланып отыр. На­қ­тырақ айтқанда, осы күндері бір­талай атақты спортшылар допинг қолданғаны үшін жарыстан бірінен соң бірі шеттетіліп жатыр.

Мәселен, ауыр атлетикадан Бейжің Олим­­­пиа­дасының күміс жүлдегері украин қызы Ольга Коробка (75 кг.) допинг қолданғаны үшін 4 жылға жарыстан шеттетілді. Ол былтыр Парижде өткен әлем чемпионатында қола жүлдені иеленіп, алдағы Олимпиадада өз салмағында бас жүлдеге таласа алатын спорт­­­­шылардың бірі екенін көрсеткен болатын.

Мұның алдында Бейжің Олимпиадасының чемпионы қытайлық ауыр атлет Ляо Хуэй (69 кг.) де допингтен ұсталып, 2014 жылға дейін жарыстардан шеттетілген еді. Сөйтіп, ол да биылғы Олимпиадаға қатыса алмайтын болды. Тағы да айтсақ, Арменияның ауыр атлеті Геворг Погосян да Олимпиадаға қатыспайтын болып шешілді. Оның ағзасынан «Оксандралон» препараты табылған. Енді ол 2015 жылға дейін жарыстарға қатыса алмайды.

Қазір Халықаралық ауыр атлетика федерациясы Таиландтың – 7, Сирияның – 3, Чили мен Ирактың 2 спортшысын күш көбейтетін дәрілер пайдаланғаны үшін жарыстардан шеттетіп отыр. Олардың бәрі 2015 жылға дейін жарысқа қатысу құқығынан айырылды. Сонымен бірге, Албания­ның спортшысы Иллириан Сули де спорттан төрт жылға кетті. Оның қанынан «Метандиенон» дәрісі табылған.