Үміткерлер аз емес
Жұма, 8 маусым 2012 6:50
Қазақ күресінен екінші республикалық турнирдің іріктеу жарыстары басталды
Өткен жылы тұңғыш рет қазақ күресінен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін жарыс өткізіліп, «Қазақстан барысы» анықталған болатын. Бүгінде екінші турнирдің іріктеу жарыстары басталып кетті.
Іріктеу қорытындысы бойынша 2 балуан өз аймағы атынан шешуші кезеңде елордада бақ сынайды. 2012 жылдың 22 қыркүйегінде Астанада 32 балуан бас қосып, «Қазақстан барысы» атағына таласады. Жарыс 74 салмақ дәрежесінде өтеді.

Турнирдің басты жүлдесі – «тайтұяқ» және «Алтын белбеу». Оған қоса, жеңімпаз 150 мың АҚШ долларын иеленеді. Екінші, үшінші орын алғандар күміс пен қола медаль және ақшалай сыйақы алады.
Ұлттық қазақ күресі – бұл мерекелік шара ғана емес. Оның негізгі мақсаты – қазақ күресін дамыту және жастарды ұлттық салт-дәстүрге баулу. Сонымен қатар, қазақ күресін Жазғы Олимпиада мен Азия ойындарына қосу жоспары бар.
Естеріңізге сала кетейік, 2011 жылы 20 тамызда өткен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде 64 балуан күш сынасып, «Алтын белбеуді» қызылордалық Ұлан Рысқұл иеленген болатын.
Биылғы турнир Мәдениет және ақпарат министрлігі, Спорт және дене тәрбиесі істері жөніндегі агенттігі, «КТК» республикалық телеарнасы, Қызылорда облысының әкімдігі, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоғамдық қоры, Қазақ күресі федерациясының ұйымдастыруымен өтуде.
Турнирдің бас демеушісі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ.
Дастан КЕНЖАЛИН,
«Егемен Қазақстан».