12 Маусым, 2012

Матч миниатюралары

270 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Матч миниатюралары

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:01

* Чемпионаттың алғашқы үш күнінде (8-10 маусым) үш топ (A, B, C) командалары бірінші матчтарын өткізді.

* Польшаның – 4, Украи­наның 2 қаласында өткен бұл ойындарды 244 605 көрермен стадиондарда тамашалады.

* Кездесулерде 15 гол со­ғыл­ды. Олар­дың 7-і бірінші, 8-і екін­ші таймда салынды.

 

Сейсенбі, 12 маусым 2012 7:01

* Чемпионаттың алғашқы үш күнінде (8-10 маусым) үш топ (A, B, C) командалары бірінші матчтарын өткізді.

* Польшаның – 4, Украи­наның 2 қаласында өткен бұл ойындарды 244 605 көрермен стадиондарда тамашалады.

* Кездесулерде 15 гол со­ғыл­ды. Олар­дың 7-і бірінші, 8-і екін­ші таймда салынды.

* Әр ойында орта есеппен қақпа­ларға 2,5 доптан түсірілді.

* Біріншіліктің бірінші голын Польша-Грекия арасындағы матч­тың 17-минутында поляк құра­ма­сының шабуылшысы Роберт Левандовски салды. Ал бірінші дубльді жасау еншісі Ресей ко­мандасының шабуылшысы Алан Дза­­гоевқа бұйырды. Оның бұл жетістігін хорват Марио Манджукович соңғы күні қайталады. Бұлардан басқа тағы мына фут­болшылардың еншісінде 1 доптан бар: Марио Гомес (Германия), Нивица Елавич (Хорватия), Микаэль Крон-Дели (Дания), Антонио ди Натале (Италия), Роман Павлюченко (Ресей), Вацлав Пиларж (Чехия), Димитрис Салпингидис (Грекия), Шон Сент-Леджер (Ирландия), Сеск Фабрегас (Испания), Роман Широков (Ресей).

* Алғашқы 6 ойында 2 ойыншы алаңнан қуылып, 20 ойыншы ескерту алды. Чемпионаттың бі­рінші «сары қа­ғазы» Грекия құ­ра­масының қорғаушысы Сократис Папастатопулосқа көрсетілді. Ол алаңнан да бірінші болып қу­ыл­ды. «Қызыл қағаз» алған екін­ші ойыншы – Польша коман­дасы­ның қақпашысы Вой­цех Щесны.

* Бірінші 11 метрлік соққы Польша құрамасы қақпасына ба­ғытталды. Ол команда қақпа­шы­сы Войцех Щесный­дың гректер форварды Димитрис Сал­пинги­дис­ті өз айып алаңында рұқсат етілмейтін тәсілмен құлатқаны үшін белгіленді. Бұл пенальтиді гректердің команда капитаны Гиоргос Карагунис түсіре алмады. Оның ұрған добын алаңға енді шыққан қақпашы Пшемыслав Тытонь қолымен қайтарды.

* Өткен ойындардың әрбірін­де бір-бір футболшы үздік деп танылды. Ондай атақтарға Димитрис Салпингидис (Грекия), Алан Дзагоев (Ресей), Симон Поульсен (Дания), Марио Гомес (Германия), Андреа Пирло (Италия), Марио Манджукович (Хорватия) қол жеткізді.

ЖАҢАЛЫҚТАР ЖАҢҒЫРЫҒЫ

Грекия құрамасы қатары­нан бір ойыншы шығып қал­ды. Пирей «Олимпиакосының» орталық қорғаушысы Авраам Пападопулос Польшамен өткен бі­рінші мачтың бірінші таймының соңына қарай тізесінен жарақат алып қал­ды. Осыдан соң алаңнан кетуге мәжбүр болған оның қал­ған ойындарға да қатыса алмайтыны қазір белгілі болды.

Чемпионаттың бірінші күні 16 қоғамдық тәртіпті бұзушы­лық орын алды.Бұл туралы Польша спорт және туризм ми­нистрі Иоанна Муха мәлімдеді. Оның айтуынша, бұдан басқа тағы 314 адам дәрігер­лер­дің көмегіне жүгінген. Бұған қо­са, ресейлік бір топ жанкүйер Ресей-Чехия матчынан кейін бүлік шы­ға­рып, стюардтарды соққыға жық­­­қан. Олардың осы бейбас­тақтық­тары үшін енді Ресей футбол феде­рация­сы­ның жаза алатын түрі бар. УЕФА бұл мәселені өзінің 13 маусым күнгі отырысында қарайды.

Гус Хиддинк Ресей құра­ма­сы жартылай финалда гол­ланд­тықтармен кездеседі деп есеп­тей­ді. Ресейлік­тер­дің бұрын­ғы бас жаттықтырушысы Нидерландыда шыға­тын газеттердің бірінде осындай болжам біл­дір­ген. Өз сө­зінде ол: «Мен орыстар өте қау­іп­ті деп санаймын. Бі­рін­ші­ден, Дик Адвокаттың командасы ірік­теу турнирі барысында жақсы нә­ти­же­лерге қол жеткізді, екінші­ден, оның құра­мын­да өзде­ріне се­німді өте тәжірибелі ойыншылар бар», деді.