13 Маусым, 2012

Рыпакова – жеңімпаз!

395 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Рыпакова – жеңімпаз!

Сәрсенбі, 13 маусым 2012 7:47

Қазақстандық жеңіл атлет, Лондон Олимпиадасы жолдамасының иегері Ольга Рыпакова тағы да қалың елін жарыстағы жеңісімен қуантты.

Жеңіл атлетиканың үш қарғып секіру, жеті­сайыс, ұзындыққа секіру түрлеріне маманданған, дәл қазіргі кезде еліміздегі беделді спорт­­шы­лар­дың бірі саналатын Ольга Рыпакова жақында АҚШ-тың Нью-Йорк қаласында өткен «Гауһар лигасының» кезекті кезеңінде топ жарып, же­ңімпаз атанды.

Осы кезге дейін болған көптеген жарыстарда алтынмен апталып, күміспен күптеліп жүрген Рыпакова Нью-Йорк аренасында алғашқы мүмкін­­­ді­гінде 14,71 метрге қарғып, осы нәтижесінің арқасында бас жүлдені жеңіп алды.

Жалпы, биыл Лондон Олимпиадасының алдында өтіп жатқан жарыстарда О.Рыпакова тіл-көзіміз тасқа, жақсы нәтиже көрсетуде. Биыл ол Қытайдың Шанхай қаласында өткен «Гауһар ли­гасының» екін­ші кезеңінде қола жүлдеге ие болса, Оңтүстік Кореяның Тэгу қаласында болған әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Одан кейін Катардың Доха қаласында өткен «Гауһар лигасында» үш қарғып секіруде жеңімпаз атанса, Италияның Рим қаласында өткен тағы бір «Гауһар лигасында» екінші орынды еншіледі.

О.Рыпакова – екі дүркін Жазғы Азия ойында­ры­ның жеңімпазы, Олимпия ойындарына қаты­сушы.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».