16 Маусым, 2012

Екі орынға – үш үміткер

240 рет
көрсетілді
7 мин
оқу үшін

Екі орынға – үш үміткер

Сенбі, 16 маусым 2012 6:47

14 маусым күні С тобында да екінші турдың ойындары ойналды. Ол Ирландия құрамасының келесі кезеңге өту үміті біржола үзілгенін баян еткенімен, қалған екі орынды үш команданың қайсысы алатыны мәселесін ашық қалпында қалдырды.

Тап қазір ширек финалға шы­ғу мүмкіндігін 4 ұпайы бар Испания мен Хорватия да, олардан 2 ұпай кем жинаған Италия да жоғалта қойған жоқ. Турнир кестесіндегі осындай алмағайып ахуалды бейсенбі күні Италия-Хорватия, Испания-Ирландия құрамалары арасында болып өткен кездесулер туындатты.

 

Сенбі, 16 маусым 2012 6:47

14 маусым күні С тобында да екінші турдың ойындары ойналды. Ол Ирландия құрамасының келесі кезеңге өту үміті біржола үзілгенін баян еткенімен, қалған екі орынды үш команданың қайсысы алатыны мәселесін ашық қалпында қалдырды.

Тап қазір ширек финалға шы­ғу мүмкіндігін 4 ұпайы бар Испания мен Хорватия да, олардан 2 ұпай кем жинаған Италия да жоғалта қойған жоқ. Турнир кестесіндегі осындай алмағайып ахуалды бейсенбі күні Италия-Хорватия, Испания-Ирландия құрамалары арасында болып өткен кездесулер туындатты.

Алдымен Познаньда бұлар­дың алдыңғы жұптары ұшы­рас­ты. Ойын барынша қызықты да, тартысты өтті. Мұнда негізінен итальяндар басымырақ ойнаға­нымен, сәттілік серік құра қалған жағдайда хорваттардың да жеңіп кететіндей реттері болды. Олар жеңіске жеткенде, ширек финал­дың жолдамасы қалталарында тұрған болар еді. Ал итальяндар табысқа жетсе, осы уақыт шең­берінде ғана топ бастайтын. Бі­рақ домалақ доп бұлардың екі жағына да таразы басының аууына жол бермеді. Есеп – 1:1. Ойынның шамасы да осындай.

Әлем мен Еуропаның чемпионы – Испания құрамасының ойынына көңілі толмай жүрген ағай­ын көп қазір. Содан болар, осы біріншілік басталар алдында оларды біраз жұрт фавориттер қатарына қоспады. Испандар тіпті бірінші матчта итальяндармен тең ойнағаннан кейін де сол салқындық сейіле қоймаған. Осы күдік команданың ирландтық­тарды 4:0 етіп қирата жеңгенінен кейін де ада-күде кетті деп айта алмаймыз. Себебі, алда ширек финалдың тағдырын шешетін соңғы сынақ тұр. Ол ендігі үштіктің (Испания, Хорватия, Италия) қатарынан екі құрамаға ғана ен тағатын болады.

Кеше түнде топтарда екінші турдың ойындары толық ойналып бітті. Бұл күні Украина Фран­ция­дан 0:2 есебімен ұтылып қалды.

_______________________

Ойлар, пікірлер, көзқарастар

Висенте дель БОСКЕ, Испания құрамасының бас жаттықтырушысы: – Ирландияны 4:0 есебімен жеңгенімізге қуаныштымын. Бірақ бұл келесі ойынға қалай болса солай қарайтынымызды білдірмейді. Біз алаңға қалайда Хорватияны жеңу үшін шығамыз.

Джованни ТРАПАТТОНИ, Ирландия құрамасының бас жаттықтырушысы: – Мен өз жанкүйерлерімізді аяймын. Біз осы матчтың алдында өзімізді қандай сын күтіп тұрғанын жақсы білдік. Испанияның ортаңғы шебі мықты екені де аян еді. Бәрін тез жіберіп алған гол бүлдіріп кетті. Енді Италия­ға қарсы ойында барымызды саламыз.

Джанлуиджи БУФФОН, Италия құрамасының қақпашысы: – Біз бүгін жеңіс үшін ойнап едік. Бірақ қанша жақсы ойнағанымызбен, өзіміз игере алмайтын жағдайға тап болдық. Кем дегенде, үш рет гол соғатын мүмкіндікті жіберіп алдық. Келесі аптада испандар мен хорваттар өзара келісіп алып ойнамайтын шығар деп ойлаймын. Сонда біздің бағымыз жанады.

___________________________

Матч миниатюралары

* Бейсенбі күні С тобында Италия-Хорватия, Испания-Ирландия кездесіп, екінші турдың ойындарын ойнады. Оларда 6 гол соғылды. Бұлардың 2-уі бірінші, 4-уі екінші таймдарда салынды.

* Бұл матчтарды стадиондарда 76 246 көрермен тамашалады. Ал чемпионат басталғалы стадиондарға 599 115 адам жиналды.

* Чемпионат басынан бері ойналған 14 ойында 39 гол соғылды. Әр ойында соғылған орташа доп саны – 2,78.

* Өткен екі ойында тағы бір дубль тіркелді. Испания құрамасының шабуылшысы Фернандо Торрес ирландықтар қақпасына 2 доп салды. Чемпионаттың мергендер көшін 3 голмен бастап келе жатқан Алан Дзагоев (Ресей) пен Марио Гоместің (Германия) қатарына хорват Марио Манджукович қосылды. Ол соңғы ойында италиялықтар қақпасына тағы бір доп түсірді. Ал екінші таймда алаңға Фернандо Торрес­тің орнына шыққан Сеск Фабрегас тағы бір гол соғып, доп­тары санын екеуге жеткізді. Қалған голдарды италиялық Андреа Пирло мен испан Давид Сильва өз есептеріне жазды.

* Өткен екі ойында 8 ойыншы ескерту алды. Жалпы, біріншілік басталғалы 50 футболшыға «сары қағаз» көрсетілді.

* Үздік ойыншы атағына Стипе Плетикоса (Хорватия) мен Давид Сильва (Испания) ие болды.

__________________________________

Деректер мен дәйектер

Лука Модричтің «Тоттенхэмдегі» келешегі күмәнді. Бұл клуб жазғы трансфер кезінде бас жаттықтырушы Харри Реднапты отставкаға жібергеннен кейін хорват футболшысына жаңа команда іздеуге тура келетін түрі бар. Мұны оның әріптесі Ведран Чорлука қуаттап отыр.

Дженнаро Гаттузо швейцардың «Сионына» ауысатын сияқ­ты. Италиялық жартылай қорғаушы мамыр айында-ақ өзінің «Миланнан» кететінін мәлімдеп қойған. Оның ендігі баратын командасы Альпі тауының жоғарғы жағында екенін италия интернет басылымдары жариялап жіберді.

Чемпионат басталғалы украин милициясы 14 қалтар­ман­ды ұстады. Арада өткен 6 күннің ішінде қоғамдық тәртіп сақшы­­­ла­­­­­­ры жұрттың қалтасына түсіп жүрген осыншама ұрыны жолдан қағыпты. Бірақ біріншілік біткенше баукес­пелерді қайда жі­бе­­­­ре­­­тіндерін ішкі істер органдарының өкілдері айтып отырған жоқ.

Гиоргос Самарас жалпы топқа оралды. Грекия құрамасы­ның шабуылшысы алып қалған жарақатының жазыла бастауына байланысты жаттығуға қайта кірісті. Ол бірден жалпы топтың құрамынан орын алды.

Хорват жанкүйерлері Познань орталығында Еуроодақ туын отқа жақты. Бұл оқиға Италия-Хорватия кездесуі қарса­ңын­­­­да орын алды. Олар әскери қылмыскер Анте Готовинаның кескіні бейнеленген постерді ұстап митинг өткізді. Полиция олардың тірліктерін сырттай бақылап тұрды. Бірақ араласпады.