19 Маусым, 2012

Мұхит ТҰРСЫНБАЕВ: “Үш алтын алуға қабілетті саңлақтарымыз бар”

358 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Мұхит ТҰРСЫНБАЕВ: “Үш алтын алуға қабілетті саңлақтарымыз бар”

Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:39

Дүбір

Олимпиадаға 38 күн қалды

 Алматы облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы Мұхит Тұрсынбаев көңілді. Көңілді болатындай жағдайы бар. Мәскеуден қуанышты хабар келген. Жеңіл атлет Шолпан Қожахметова Мәскеуде өткен халықаралық жарыста спорттық жүрістен айдарынан жел есіп, Олимпия ойындарына жолдама алған. Осындай көңілді сәтінде біз де Мұхит ТҰРСЫНБАЕВПЕН әңгімелесіп қалуға ұмтылған едік.

 

Сейсенбі, 19 маусым 2012 7:39

Дүбір

Олимпиадаға 38 күн қалды

 Алматы облыстық спорт және дене тәрбиесі басқармасының бастығы Мұхит Тұрсынбаев көңілді. Көңілді болатындай жағдайы бар. Мәскеуден қуанышты хабар келген. Жеңіл атлет Шолпан Қожахметова Мәскеуде өткен халықаралық жарыста спорттық жүрістен айдарынан жел есіп, Олимпия ойындарына жолдама алған. Осындай көңілді сәтінде біз де Мұхит ТҰРСЫНБАЕВПЕН әңгімелесіп қалуға ұмтылған едік.

– Бүгінде облысымыздың қор­жынында 8 жолдама бар.

– Осы спорттық жүрістен Азия чемпионатының 2011 жыл­­ғы қола жүлдегері Айман Қо­жах­метова мен Шолпан Қожа­х­метова ағайындылар-ау.

– Ағайындылардан да жақын. Екеуі егіз. Айман биыл ақпанда Ресейде өткен ашық чемпионатта 20 шақырымды 1:30,55 се­кунд­­та жүріп өтіп, Лондонға жол­дама алған болатын. Енді Шол­пан жа­рысқа түскенде қасы­нан қалмай жігерлендіріп жүгі­ріп отырыпты.

– Дзюдода Айман мен Шолпан Қалиева деген керемет бал­уан қыздар болды. Талай ха­лық­аралық жарыстарда қар­сы­лас­тарын қамырша илеп, же­­­ңім­паз да болған. Тек, Олимпия ойындарында сәттілік же­тіс­пе­ді. Ал Айман мен Шолпан Қо­жах­метовалардың Лондонда жолы оңғарылсын деп тілейік.

– Қазақ қыздарының Олимпия ойындарына спорттың осы түрінен баруының өзі – тарихи оқиға. Әу баста облыс жеңіл ат­ле­тикасының бас бапкері Марат Жөргенбаев “қаржы мәселесін шешіп берсеңіз, 3 жолдама алуға мүмкіндігіміз бар” дегенде, ма­құл, қаржы табайық. Бір жолдама ала алсақ та разымын д­е­ген­мін. Олимпиадаға қатысуға рұқ­сат алудың қиын екенін білесіз. Кейде таңдаулы спортшылардың өзі жолдама ала алмай қалатын жағдайлар кездеседі. Көпсайыс­тан Атланта Олимпиадасының чемпионы Александр Парыгин кейін шетелде жаттықса да, Қазақстан бар керегіне қыруар қаржы құйса да жолдама ала алмаған. Әлемде мұндай оқиға­лар көп. Ал Жөргенбаев сөзінде тұрды. Айман, Шолпаннан бөлек Артем Косинов деген жеңіл атлетіміз де Лондонға барады.

– Мұхит, Қазақстан ауыр атлеттері құрамасының бас бапкері Алексей Ни бір сұх­ба­тында “Лондонда үш алтынға таласамыз” деп қалды. Үш алтын медаль аламыз дегенді де айтқан. Әрине, осыншама алтынды дүние жүзінің ауыр ат­леттері Қазақстанға көзі қи­ып, беріп жібереді дегенге сену қи­ын. Афина Олимпиадасына төрт алтын аламыз деп барып, жал­қы алтынмен қайт­тық. Онда да Олимпиадаға жол­даманы ең соңғы кезегінде алған Бақтияр Артаевтың жан­қиярлықпен жұ­лып әпер­ген алтыны өкінішті ахуалдан құтқарғаны есте бол­ған соң айтып жатырмыз. Ар­ық айтып семіз шық дегендік қой біздікі. Жалпы, Қазақстан ауыр атлеттер құрамасында алтын медальға таласатын бес атлет болса, соның үшеуі Алматы облысынан екен.

– Зүлфия Чиншанло, Майя Манеза және Светлана Подобедованы айтып отырсыз ғой.

– Әрине, Талдықорғандағы “Жастар” спорт сарайында өт­кен ел чемпионатына арнайы бардық. Мық шегедей Зүлфия болмаса, Майя мен Светлана ел ішіндегі жарыстың өзінде көңілді қобалжытты. Екеуі де серпе көтерудің хас шебері. Ал жұлқи көтеруге келгенде Майя Ирина Некрасовадан бақандай 6 келіге қалып кетті…

– Иринаңыз да оңай адам емес қой. Бейжің Олимпиада­сы­ның күміс жүлдегері. Жан-тәні­мізбен қанша қалағанымызбен, спортта пәлен деп алдын ала болжам жасау қиын. Бір кездері Олимпия ойындары, әлем чемпионаттарында бас жүлдені кү­реп алатын Түркия ауыр атлет­те­рі бүгінде жүлдесіз қалатын болды. Қыздарымызға сәттілік ті­лей­ік. Майя мен Светлана өз ісінің хас шеберлері. Құдай ке­сі­рінен сақтаса, екеуінің де алтын­ға таласуға күші жетеді. Екеуі де екі дүркін әлем чемпионы.

– Иә, Олимпиада чемпионы Танер Сагирдің Бейжіңде “баранка” алғанын көзіміз көр­­­ді. Ел біріншілігінде Олимпиада чемпионы, ересектер арасында 3 рет, жастар мен жасөс­пірімдер арасында 2 рет әлем чемпионы болған атақты Илья Ильиннен жұлқи көтеруде 7 келі артық көтерген әлем чемпионы Владимир Седов серпе көтеруде 217 келіні үш кезек ала алмай кетті ғой. Жаныңа батқан шығар?

– Жаныңа батты деген жәй сөз. Ашуымыз терімізге сыймай кетті деген жеңілірек шығар. Ауыр атлеттер жаттығып жатқан Текеліге жиі барамын. Сонда Седов серпе көтеруде 220 келіні еркін бағындырып жүрген. Жат­тықтырушысы Донның да арқа­сынан таспа тілдім. Жауынгерлік рух жетпейді екен ұлымызда. Ал Қызылорда мектебінің түлегі Алмас Өтешовтің табысына шын қуандым. 220 келіні бірінші кезегінде ала алмаған ол 225 келі көтерді-ау. Азамат екен.

– Күрес түрлерінен де алтын күтіп отырғанымыз бел­гі­лі. Мәселен, Грек-рим күресінен астаналық Алмат Кебісбаев пен Алматы облысының балу­аны Нұрмахан Тінәлиев. Азия ойындарының жеңімпазы, Мәс­кеу мен Ыстамбұлда өт­кен әлем чемпионаттарының қола жүлдегері Нұрмахан Тінәлиев­тен жанкүйерлеріміз алтын медаль күтіп жүр…

– Мәскеуде Сидней Олимпиа­да­сының чемпионы, әлем чемпионаттарында асығы алшысынан түсіп жүрген Хасан Бароевты аунатып кеткен Нұрмахан қай құрметке де лайық. Сонымен қатар, еркін күрестен әлем чем­пионатының қола жүлдегері Дәу­рен Жұмағазиевтен де (60 кг) күтеріміз мол. Жеңімпаз болмады деп талап қою қиын, жүл­дегер болып жатса, ақ түйенің қарны жарылғаны.

– Олимпия ойындарында олжа салады деген спортшы­­лар­ға талдау жасап отырсақ, алтын алады дегеннің дені Алматы облысы спортының өрен­дері екен. Жас шыбыққа су құй­масаң, тамыр алмайды. Сол сияқты мықты спортшыларға жағдай жасамасаң, жарыс­тар­ға, ем-домына қажет қар­жы­ны уа­қы­тында тауып бер­месең, нәти­же күту қиын. Алматы облысы бұл жағынан спортшыларды рен­жіт­пей­ті­нін білеміз.

– Дұрыс байқағансыз. Агент­тіктен, Ұлттық олимпиада коми­те­тінен алып жатқан көмектерін есепке алған емеспіз. Бұрын Алматы облысы мықты спортшыларымен мақтана алмайтын. Серік Үмбетов ағамыз облыс әкімі болып тұрған кездерден бастап өнер адамдары мен спортшы­лар­ға айтарлықтай көмек көрсетіліп келеді. Биыл облыс әкімі Аңсар Мұсаханов Нұрмахан Тінәлиев пен Асхат Ділмұхамедовке Қас­ке­лең қаласынан екі бөлмелі пә­тер бөлді. Жаттығуларын алаң­сыз жасау үшін. Екі балуанымыз әлем чемпионатынан олжалы ор­алғанда Талдықорғаннан да пә­тер берілген. Енді Дәулет Жұма­ғазиев үйлі болды. Осы үш балуанды Еңбекшіқазақ, Кербұлақ және Қарасай аудандарының әкім­­дігі бөліп алып, ай сайын 500 мың теңге береді. Оның сыртында облыс әкімінің 150 мың теңге стипендиясы бар. Спортшылар мемлекетіміздің, еліміз­дің намысы үшін жаттығу залдарында теңіздей тер төгіп жүр. Олардың еңбегі лайықты баға­ла­н­уы керек.

Талантты спортшылары­мыз­дың Алматы облысында көбейіп келе жатқандығының бір ұшығы осында жатқан шығар. Ал, Лондон олимпиадасы ойындарында алтын алып жатсақ, төрт жылғы еңбектің өтеуі болмақ, Қазақ­стан­ның аты дүние жүзіне мәш­һүр болады. Қазір бос қаржы жоқ. Еліміздің спортын өркенде­ту үшін бар жағдайды туғызып отырған Елбасыға спортшыла­ры­мыздың атынан рахметімізді айтқымыз келеді.

Нұрмахан Тінәлиев бапкері Мұратбек Қасымхановпен  және Күрес түрлері федерациясының құрметті президентті Дәулет Тұрлыхановпен бірге.

Светлана Подобедова.

Алмас Өтешов.

Әңгімелескен Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан».

 Алматы облысы.