30 Маусым, 2012

Әр балуанның арманы

418 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әр балуанның арманы

Сенбі, 30 маусым 2012 7:26

Жақында еркін күрестен аса ауыр салмақта қай балуанның Олимпиадаға баратыны белгілі болды. Ол – 120 кило салмақтағы Дәулет Шабанбай.

– Жақында біз бапкерлермен Олимпиадада ел намысын қор­ғай­­тын балуан туралы әңгіме қоз­ға­дық. Ақылдаса келе, Ұлыбри­та­ния­ға Дәулет Шабанбайдың бар­ға­ны жөн деп шештік. Дәулет – жақсы спортшы,  – дейді құра­­ма­ның бас бапкері Алтай Танабаев.

Сөйтіп, көптен бері көп­ші­лікті алаңдатып жүрген жәйт белгілі болды. Бұл жігітті жанкүйер қауым жақсы біледі. Күреспен ерте жасынан айналыса бастаған Дәулет қандай жарыс болсын жеңімпаз атану­ға тырысатын балуан екенін бұрыннан бері дәлелдеп келе­ді. Енді біз Дәулет Шабан­бай­ға Лондонда ел намысын қор­ғап, атының аламанда озып шы­ғу­ы­­на тілектеспіз!

Гүлдана ДАЛЕ,

ЕҰУ студенті.