14 Шілде, 2012

Қазақ күресі: Финалдық сын жақындады

234 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақ күресі: Финалдық сын жақындады

Сенбі, 14 шілде 2012 6:37

Елбасы ННазарбаевтың жүлдесі үшін қазақкүресінен «Қазақстан Барысы» турнирініңұйымдастырушылары іріктеу жарыстарыныңаяқталғандығын хабарлады.

Төрт ай бойы мыңдаған балуандар – спортшылар мен әуесқойлар жүлде қоры 50 миллион теңгеден асатын қазақ күресінен алдағы қыркүйекте өтетін республикалық турнирде бақ сынап, «Қазақстан Барысы» атану үшін боз кілемге шықты.

 

Сенбі, 14 шілде 2012 6:37

Елбасы ННазарбаевтың жүлдесі үшін қазақкүресінен «Қазақстан Барысы» турнирініңұйымдастырушылары іріктеу жарыстарыныңаяқталғандығын хабарлады.

Төрт ай бойы мыңдаған балуандар – спортшылар мен әуесқойлар жүлде қоры 50 миллион теңгеден асатын қазақ күресінен алдағы қыркүйекте өтетін республикалық турнирде бақ сынап, «Қазақстан Барысы» атану үшін боз кілемге шықты.

«Қазақстан Барысы» турнирінің іріктеу кезеңдері үш кезеңді қамтыды.  Жарыстың бірінші сатысы ауылдық жерлерде, екінші кезеңі аудандарда, ал іріктеудің шешуші жарыстары облыстарда өтті. Нәтижесінде, еліміздің 14 облысы және Астана мен Алматы қалаларында топ жарған 32 балуан  республикалық финалдық сынға жолдама алды.

11 – 13 шілде аралығында өз өңірінің үздіктері атанған рес­публикалық турнирдің финалистері Алматы қаласында медициналық тексеруден өту, қазақ күресімен айналысатын жас жеткіншектерге шеберлік сабағын өткізу және финалдық сын алдында қарсы­ластарын кілемде сынап көру үшін бас қосты.

Ал бүгін Алматыда өтетін баспасөз мәслихатына «Қазақстан Барысы» турнирі идеясының авторы, «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шораев, қазақ күресінен Қазақстан Республикасының мемлекеттік жаттықтырушысы Марат Жақыт және 2011 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл қатысады.

Турнирдің ұйымдастырушылары: Спорт және дене тәрбиесі істері агенттігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қызылорда облы­сының әкімдігі,  «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қоры.

Турнирдің бас демеушісі: «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат қоры.

Турнир туралы кеңірек мәліметтермен www.kazakhstanbarysy.kz «Қазақстан Барысы» қазақ күресін дамыту қорының ресми сайтынан танысуға болады.

Фотоматериалдар, жеңімпаздардың тізімі, іріктеуден өткен балуан­дар туралы анықтамалар қордың ресми www.facebook.com/kazakhstanbarysy өкілдігінде орналасқан.

Дастан КЕНЖАЛИН,

«Егемен Қазақстан».