17 Шілде, 2012

Олжалы оралуларына тілектеспіз

400 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Олжалы оралуларына тілектеспіз

Сейсенбі, 17 шілде 2012 7:23

Төрт жылда бір айналып ке­летін Олимпия ойындарында төрткүл дүниенің спортшылары жиналып, бақтарын сынайды. Олимпиадаға қатысуды армандамайтын спортшы болмайды. Әри­не, әр спортшының осынау әлем жұртшылығы көз тіккен спорт додасында өз елінің байрағын жел­біретіп, мемлекетінің мерейін үс­тем етуге тырысатыны да сөзсіз.

Лондон Олимпиадасына жолдама алған 100-ден астам спорт­шының ішінде біздің өңірдің намысын 62 кило салмақтағы штангашы Фархад Харки мен 100, 200 метр қашықтықта және 4х100 метр эстафетада сынға түсетін суда жүз­гіш Александр Трабриннің қорға­уы көңілімізді марқайтады. Бұл бү­кіл спортшы қауымын қуа­ныш­қа бөлейді, кейінгі толқын бал­ғын спортшылардың жаңа би­ік­терді бағындыруға қозғау салады.

Біз жерлестерімізге ғана емес, бүкіл қазақстандық олимпиада­шы­ларға жанкүйерміз, олардың табыс­ты оралатынына сенімдіміз. Се­бебі, егемен елімізде кәсіби және бұқа­ралық спортты дамы­туға ба­сымдық берілуде, жан-жақты жағ­дай жасалуда. Спорт халықтар ара­сындағы бірлік пен ынтымақты бекітетін елші десе де болғандай. Сондай-ақ, жас, тәуел­сіз мемле­кеті­мізді әлем жұртшы­лығына кеңінен танытудың да бір мүмкіндігі деп ойлаймын. Мен спортшы ретінде Олимпиадаға қатысатын әріптесте­рімді түсі­немін. Олар үлкен толқу үстінде. Олим­пиадада еліміздің көк бай­рағын желбіретсем деген арман қанатында жүргендеріне сенім­дімін.

«Баласы атқа шапса, анасы та­қымын қысып отырады» дегендей, біз де әр жарысты асыға күтеміз. Алыста болсақ та іштей өңірден үкілі үмітпен аттанған Фхарки мен Трабринге қолдау көрсетіп, көкей­лерінде қонақтаған биіктерден көрінулеріне тілекші болып отыратынымыз сөзсіз. Біз­д­ің білуімізше, екеуі де жас спорт­­шылар. Бабы келіссе, бағы жанады деген ойдамыз. Әсіресе, Фархад Харкидің ел біріншілі­гінде жұлқа көтеруде 137 кило, серпе көтеруде 180 кило нәтиже көрсетіп, қоссайыста 317 кило көтергені Олимпиадада жүл­де­гер­лер қатарына ілігуден үміттен­діреді.

Мен өзім гір спортымен айналысамын. Гір спортынан әлемнің бірн­еше дүркін чемпионымын. Сон­дықтан да спорт жарыстарын жібермей қараймын. Сол дүбірлі додаларда қазақстандықтардың бәй­ге төрінен көрінгеніне ішім бұрып тұрады. Бұл жолы да қазақ­стандық спортшылар бұрын­ғы Олим­пиадада қол жеткен жетіс­тіктерден жоғары биіктерді ба­ғын­дырады деп ойлаймын. Бұған берік негіз бар. Олим­пиада­шы­ларымыздың талабы оң, жолы жарқын болсын, лайым.

Евгений ГОНЧАРОВ,

гір спортынан әлемнің он бір дүркін чемпионы.

 Ақтөбе облысы.