Жеңіске жет, Таймұраз!
Сейсенбі, 17 шілде 2012 7:24
Лондонда өтетін Олимпиадаға Ақжайық өңірінен алты бірдей спортшыжолдама алды. Бұл – үлкен жетістік. Батыс өңірінен осынша жолдамаалған басқа облыс жоқ.
Оқырмандарымызға Лондонға жолдама алған спортшыларымыз туралы кеңірек мәлімет беру мақсатында материал беруді жоспарлап, олармен сұхбаттасып, дайындық барысын білгіміз келген еді. Алайда, көңілі күпті болып жүрген спортшыларды алаңдатуға болмайды. Тіпті қалтафоны арқылы хабарласуға да батылымыз жетпеді.

Тағы да дүбірлі додаға баратын жерлестеріміздің аты-жөндерін айта кетейік. Олар: Абдулхаким Шапиев, Таймұраз Тигиев (еркін күрес), Алексей Дергунов (байдарка мен каноэде ескек есу), Даниял Гаджиев (грек-рим күресі), Анастасия Баннова (садақ ату), Георгий Шейко (жеңіл атлетика).
Сонымен, олар ел үкілеген үміт үдесінен көріну үшін бұл күндері Астанада соңғы дайындықтарын жүргізуде.
Біз бүгін еркін күрестен 96 килограмм салмақ дәрежесінде белдесетін балуанымыз Таймұраз Тигиев туралы әңгіме қозғамақпыз.
Т.Тигиев 1982 жылы Алания қаласында дүниеге келген. 2008 жылы Бейжің (Қытай) қаласында өткен ХХІХ Жазғы Олимпиаданың күміс жүлдегері. Қазақстан мен Азия чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпионы және жүлдегері. 2011 жылдың 16-18 қыркүйегі аралығында Ыстамбұл (Түркия) қаласында өткен әлем біріншілігінде бесінші орын иеленіп, Лондонда өтетін Олимпиадаға қатысуға жолдамаға қол жеткізді.
Таймұраз Қазақстан Республикасының спортқа еңбек сіңірген спорт шебері, Батыс Қазақстан Олимпиада резервтерін даярлау орталығында 2006 жылдан спортпен шұғылдануда. Бапкері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Мүсілім Оңдағанұлы.
Батыс Қазақстан облыстық Олимпиада резертерін даярлау орталығының әдіскері, спорт ардагері Батырхайыр Әйешев былай дейді:
– Таймұразды өте жақсы білемін деп айта алмаймын. Бірақ үлкен жарыстардағы күресін көріп жүрмін. Тау халқының ұлы ғой. Аздап қызбалығы бар. Сол қызбалығын кейде байқатып алады. Бірнеше рет төрешілер тарапынан ескерту алғанын білемін. Одан тиісті қорытынды шығарды. Оны өткен жылғы әлемдік сайыстарда көрсете білді. Ол – нағыз күрескер, батыл, спортқа жан-тәнімен берілген жігіт. Оның бұрынғы жетістіктері баршаға аян. Ал биылғы Олимпиадада ол алтыннан алқа тағады деген үміттеміз. Жерлестерінің сенімінен шығады деп айтуға болады.
Бұған біздің қосарымыз, алтыннан алқа тағып, жеңіспен орал, Таймұраз!
Еламан ӘЙПІШЕВ,
журналист.
Орал.