18 Шілде, 2012

Командалық екінші орын алды

398 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Командалық екінші орын алды

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:24

Якутскіде «Азия балалары» деп аталған  V халықаралық спорттық ойындардың салтанатты жабылу рәсімі өтті. Аталған ойындарға әлемнің 26 елінен 1600-дей балғын атлет қатысты.

Жарыстың соңғы күні қа­зақ­стандық боксшылар мен дзюдошылар көзге түсті. Сөйтіп, олар аталған спорт түрлері бойынша командалық бірінші орынды же­ңіп алды.

Сәрсенбі, 18 шілде 2012 7:24

Якутскіде «Азия балалары» деп аталған  V халықаралық спорттық ойындардың салтанатты жабылу рәсімі өтті. Аталған ойындарға әлемнің 26 елінен 1600-дей балғын атлет қатысты.

Жарыстың соңғы күні қа­зақ­стандық боксшылар мен дзюдошылар көзге түсті. Сөйтіп, олар аталған спорт түрлері бойынша командалық бірінші орынды же­ңіп алды. Біздің жас былғары қо­лғап шеберлері 7 салмақ дә­режесі бойынша өнер көрсетті. Жеңіс тұғырының ең биік сатысына Иван Ковалев (46 кг), Абылайхан Жүсіпов (52 кг), Аян Қалибеков (63 кг) және Бекжан Бәкіров (75 кг) көтерілді. Күміс жүлдеге Қуаныш Нұрмұханов (50 кг), Рауан Затулла (54 кг) және Мадияр Нұрғалиев (80 кг) ие болды. Татамиде өзінің командасын бірінші орын алған Әйгерім Мұратәлі (70 кг) мен Әйгерім Аманжолова (52 кг) алға жетеледі.

Қазақстан құрамасы үйге 70 медальмен оралды. Олардың 19-ы алтын, 16-сы күміс және 35-і қола. Ұлттық есепте қазақ­стан­дықтар Ресей құрамасынан ке­йін­гі екінші орынға орнықты. Үшінші орын әзербайжандық (12 жоғары награда), төртінші орын тайландтық (10), бесінші орын моңғолиялық (9), алтыншы орын ирандық (8), т.б. ел­дердің балғын спортшыларына бұйырды.