13 Наурыз, 2010

МЕНШІК ҚҰҚЫҒЫНА ҚАТЫСТЫ КЕЗДЕСУ

705 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мәжіліс үйіне Интеллек­туал­дық меншік құқығы бүкіл­әлемдік ұйы­мының (Швейца­рия Кон­фе­дера­циясы) делегациясы келді. Деле­гация құра­мында Еуропа және Азия елдерімен әріптестік бойынша департамент директоры Михэл Свантнер (Словакия азаматы) және интеллектуалдық меншік құқығы бойынша еуропалық тәуелсіз сарапшы Рональд Джон Марчант (Ұлыбритания азаматы) бар. Мәжілістің Заң­нама және сот-құқықтық рефор­ма коми­тетінің хатшысы Свет­лана Бычко­ва, осы салалық коми­тет­тің мүше­лері Жақып Асанов, Ирак Елекеев, Николай Турец­кий және Серік Темірбо­латов меймандармен жүздесіп, өзара пікір алмасты. Айта кету керек, Ин­теллектуалдық меншік құқығы­ның бүкіләлемдік ұйымы (ИМҚБҰ) Біріккен Ұлттар Ұйы­мы жанындағы арнайы құ­рылым. ИМҚБҰ 1967 жылы құ­рылған. Оның қызметі интел­лектуалдық меншік құқығының халықаралық жүйесін дамытуға және оған қолжетімді жасауға бағытталған. ИМҚБҰ-ның штаб-пәтері Женева қаласында орналасқан. Светлана Бычкова Қазақ­стан­да интеллектуалдық меншік құқығы­ның қорғалуы, қабыл­данған заңдар туралы түсінік беріп өтті. “Биыл аталған салаға қатысты бірқатар қолданыстағы заңдарға түзетулер енгізілетіні жоспарланып отыр. Соның ішінде тауар белгілеріне қа­тыс­ты және патент заңнама­ларына толықтырулар қарастырылған. Меймандар Қазақстанның интеллектуалдық меншік құқы­ғын қорғауға бағытталған көп­теген конвенцияларды бекітке­нін және осы саладағы бірқатар заңдарды қабылдағанын жақсы білетіндерін айта келіп, алдағы уақытта да заңдарды жетілдіру жолында оң ізденістер тіледі. Айбатыр СЕЙТАҚ, журналист.