Аймақтар • 21 Сәуір, 2019

Қостанайда «7-20-25»бағдарламасы бойынша 600 пәтер сатылады

444 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екінші дәрежелі банктер арқылы «7-20-25» бағдарлама 2 миллиард 989 миллион теңге болатын 421 өтініш түсті.

Қостанайда «7-20-25»бағдарламасы бойынша  600 пәтер сатылады

Соның 1 миллиард 950 миллион теңге сомасында 273 өтініші мақұлданды. Бұл республика бойынша 8 орын деген сөз.

Облыста осы бағдарлама бойынша екінші дәрежелі 7 банк жұмыс істейді. Биыл «БК-Строй» ЖШС 1233 пәтерлік 11 үй  тұрғызады. Компания «Юбилейный» шағын тұрғын ауданында тұрғызған үйлерінен 252 пәтерді бағдарлама бойынша сататын болады.

Мұның сыртында 2019 жылдың екінші жартысында облигациялық қарыз есебінен салынатын тұрғын үйлерден екінші дәрежелі банктерге 368 бюджеттік пәтерлер берілетін болады. Қостанай қаласында 2018 жылы сатылмай қалған пәтерлерді және биыл тапсырылатын үйлерді есептегенде тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасы арқылы екінші дәрежелі банктер арқылы 600 пәтер ұсынылатын болады.