Осы ұйымды басқарып жүрген Рудный қаласында тұратын екі әйел әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға 50 айлық көрсеткіш (120 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Рудныйда тағы бір заңсыз діни ұйымның өкілі экстремистік, таратуға тыйым салынған әдебиеттерді Қазақстанға заңсыз әкеліп, сақтағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 70 айлық көрсеткіш (170 мың теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Еске сала кетсек, 2008 жылы Алматы қаласында, 2009 жылы Астана қаласында тыйым салынған «Алля-Аят» ұйымының мүшесі Фархат-ата деген лақап атпен белгілі Ф.Абдуллаевтың заңсыз қызметіне сот тыйым салып, оның әрекетінің адамдар денсаулығына қауіпті екенін жария еткен болатын.