Акция басынан елордалық кәсіпорындар, ПИК пен коммуналдық қызметтері қалдықтардың 1299 тоннасы қала сыртына шығарған.
Экологиялық науқанға қызмет көрсетуші 150-ден астам ұйым қатысады деп күтілуде. Жоспарға сәйкес шара аясында 25 үйдің кірер топтары жөнделеді, 41 үйдің турникеттері, 68 ауладағы шағын сәулет нысандары боялады, 32 ауладағы жиектастар ақталып, 78 үйдің қасбетіндегі хабарландырулар мен жазулар жойылады.
Бұдан бөлек, шаһарда «Біз таза елорда үшін» атты жалпықалалық екі сенбілік өткізілмек.