Аймақтар • 22 Сәуір, 2019

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ұсыныстары қаралды

639 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің атына мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жеке көмекшінің қызметін ұсыну мәселесі бойынша қоғам белсенділерінен шағым келіп түсті.

Ақтөбеде мүмкіндігі шектеулі азаматтардың ұсыныстары қаралды

Өтініш иелерінің айтуынша әлеуметтік қызметті көрсету барысында мемлекеттік сатып алуда артық бизнес-процесстер, бюджет қаражатын жымқыру, жеке көмекшілердің төлем ақысының көлемін заңсыз төмендету, артық құжаттарды сұрату және нормативті-құқықтық актілердегі қайшылықтары бар.

Осыған орай, жоғарыда көрсетілген мәселелердің маңыздылығын ескере отырып, аталған өтінішті сапалы қарау және арызданушылардың келтірген дәлелдерінің растығын анықтау мақсатында облыстық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мүдделі мемлекеттік органдар өкілдерінің, атап айтқанда қалалық прокуратура, «Ақтөбе қаласының сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы» ҚБ, «Ерекше Таңдау Ақтөбе»  КҚ, «Общество Неунывающих Инвалидов» ҚБ өкілдерінің, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың жеке көмекшілерінің қатысуымен жұмыс тәртібіндегі кеңесін ұйымдастырды.

Сонымен, талқылау барысында қатысушылардың жартысы нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес жеке көмекшінің қызметін мемлекеттік сатып алу арқылы жүргізілетндігіне келіссе, ал екінші жартысы жеке тұлғалармен тікелей келісімге келуге келісетіндігін жеткізді.

Өтініш білдірушілердің пікірінше, делдалдарсыз мемлекеттік сатып алудан бас тарту тендерлерді алып тастауға, құжат айналымын қысқарту, сондай-ақ жеке көмекшілердің төлемдерін арттыру бөлігінде бизнес үдерісті оңтайландыруға алып келеді.

Сонымен қатар, олар жеке көмекшінің қызмет көрсету уақытына да наразы екендіктерін жеткізді.

- Менің білуімше, Қаулыда 8 сағаттан артық емес деп көрсетілген. Онда нақты шектеулер жоқ. Егер шектеу болса, бұл дегеніміз, жұмыс істейтін мүгедекті 4 сағат жүргізіп, үйінде жауып тастап, ешқайда шығармау дегеніміз. Бұл мүгедектің құқығын бұзу, кемсітушілік деп білемін. Сондай-ақ, сіз 41 млн.теңге бөлінетінін өзіңіз де айттыңыз, оның 9% - ы әкімшілік шығындарға алынады. Сондықтан біз бірлескен келісім-шартты делдалсыз жасау тиімді деп санаймыз, ал бұл 9% - ды басқа қажеттіліктерге жаратқан дұрыс емес пе?, - деді 1 топ мүгедегі Жәния Аяубаева.

Өз кезегінде ҮЕҰ өкілдері қатысушыларға тәуліктің кез келген уақытында мүгедекті көрсетілген орынға жеткізуге қажетті көмек көрсете алатын жеке көмекшілердің мобильді тобын құруды ұсынды.

Кеңес соңында мүмкіндігі шектеулі азаматтар мен олардың жеке көмекшілеріне мүгедектерге арналған жеке көмекшінің шарттарын жасау барысында талаптар мен тәртібімен келіспеген жағдайда шағымдану құқығы мен тәртібін түсіндірді.