Экономика • 22 Сәуір, 2019

Түркістан облысының аграрийлері 5,7 млрд теңгеге қаржыландырылды

814 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Түркістан облысының аграрийлері 5,7 млрд теңгеге қаржыландырылды

Халықты  жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін ауыл шаруашылығы саласында озық технологияларды қолдана отырып, жобаларды іске асыруды қамтамасыз ету. «ҚазАгро» ұлттық холдингінің негізгі қаржыландыратын еншілес компаниялары, Түркістан облысы әкімдігі мен Түркістан облысы бойынша «Атамекен»  кәсіпкерлер палатасы арасында жасалған ынтымақтастық туралы үш жақты Меморандумның негізгі мақсаты осы болып табылады.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды қолдана отырып, өңір аумағында іске асырылатын жобаларды айқындау және оларды мемлекеттік қолдау (инвестициялық субсидиялау және сыйақы ставкаларын субсидиялау), ақпараттық және консультациялық  қызметті жүзеге асыру,  ауыл шаруашылығын дамытуға бағытталған бизнес-жоспарларды уақтылы қарау  бойынша үйлестірілген жұмыс туралы уағдаласты.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Нармұхан Сарыбаев, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ төрағасы Жандар Омаров және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарушы директоры Алмас Таубаев облыс әкімдігінің ұйымдастыруымен  «Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды пайдалана отырып және халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырылатын жобалар» семинары аясында Түркістан облысына барды. Семинар барысында инфрақұрылымы дамыған бордақылау алаңдарының құрылысы, құс етін өндіру, сүт фермалары, жылыжай, балық шаруашылығы,  қарқынды бау-бақша шаруашылығы,  шағын несие беру және т. б. жобаларын іске асыру мәселелері қаралды.

Өз сөзінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Басқарма төрағасы Жандар Омаров Қордың 2017 жылдан бастап «2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасының екінші бағытын жүзеге асыратынын атап өтті.  Ағымдағы жылы аталған бағдарлама бойынша   жергілікті атқарушы органдардан 27,2 млрд.теңге мөлшерінде,  оның ішінде Түркістан облысы бойынша – 3 млрд. теңгеден астам қарыз тарту жоспарлануда. Бұл ретте республика бойынша Қордың жалпы қаржыландыру көлемінің 11,2% - ы  Түркістан облысына  тиесілі болады.

«ҚазАгро» ұлттық холдингінің Түркістан облысының АӨК қолдауының жалпы көлемі жыл басынан бері 5 771,9 млн.теңгені құрады.

Холдингтің еншілес компанияларының инвестициялық портфелі жылдың басында 2030 жұмыс орнын құрумен 43,5 млрд. теңге сомасына 72 жобаны құрайды, жалпы құны 500 млрд. теңгеден асатын 672 инвестициялық  жоба іске асырылды, пайдалану кезеңінде құрылатын жұмыс  орындарының саны 21 мыңнан астам.

ШОБ  субъектілерін  қолдау бағдарламасы  аясында  қаржыландырылды:

- Агробизнес НС бағдарламасы бойынша (ауыл шаруашылығы өндірісін несиелеу және ауыл шаруашылығы өнімдерін несиелік серіктестіктер жүйесі арқылы қайта өңдеу) 704,8 млн теңгеге 14 НС (60 жоба) (барлығы-123 НС (335 жоба) 7 055,5 млн теңге сомасына).

- «Агробизнес» бағдарламасы бойынша (ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуге және тамақ өнімдерін өндіруге тікелей несие беру) 597 млн. теңгеге 7 жоба (барлығы - 9 296 млн теңгеге 53 жоба),

- «Игілік» ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарын дамыту бағдарламасы бойынша 186,5 млн теңгеге 51 жоба (барлығы - 527 млн теңге сомаға 175 жоба)

- сатып алу жобалары бойынша 915,7 млн теңгеге 3 605 бас (40) (барлығы-21109 бас ІҚМ (141 АШТӨ) 12 078,2 млн теңгеге)

- сатып алу жобалары бойынша 139,4 млн теңгеге 6 026 бас (19) (барлығы 48 662 бас ҰММ (89 АШТӨ) 1 879,7 млн теңгеге).

- сатып алу жобары бойынша 174,3 млн теңгеге 530 бас (15) сатып алу (барлығы 1 917 бас жылқы (68 АШТӨ) 642 млн теңгеге)


Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына ағымдағы жылы облыс бойынша Холдингпен 27,1 мың га егіс алқабына 2,1 млрд теңге сомасына 640 АШТӨ қаржыландырды (барлығы - 1 162 АШТӨ жалпы сомасы 30 млрд теңгеге 1 266,8 мың га астам егіс алқабына).

Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін 784 млн теңге сомасына (барлығы 15,3 млрд теңге сомасына 1 137 шарт) 104 қаржы лизингі шарты жасалды, оның ішінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге-761 млн теңге сомасына 97 шарт (барлығы 12,2 млрд теңге сомасына 884 шарт).

Облыс  бойынша 108 бірлік  ауыл шаруашылығы және арнайы техника мен жабдықтар сатып алуға 803,5 млн теңге сомасына шарттар жасалды (барлығы - 1 271 бірлік ауыл шаруашылығы және арнайы техника мен жабдықтар 15 976 млн теңге сомасына).