Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Аралар ұясындағы ұйқы – ем

1150 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында омарта шаруашылығына арналған музей мен бал дәріханасы ашылды. Келу­ші­лер музейде өңірдің омарта шаруашылығының тарихы, балдың әр түрі, оның қасиеті жайлы мағлұмат алады.

Аралар ұясындағы ұйқы – ем

Сондай-ақ 20 омарташыны біріктірген «Мед Прииртышья» кооперативі бал өнімдерін ұсынады. Мақсат – жергілікті балдың сапалы әрі пайдалы еке­нін жеткізу. Дәріханада жер­гілікті омарта­­шылардың шы­ғар­ған прополисі бар мұз кәм­пит­тері, балды алма, ұядағы бал бар.

Енді омарташылар «Жемчу­жина долголетия» шипажайында «Аралар ұясындағы ұй­қы» атты емдік-сауықтыру әді­сін өт­кі­зіп көрмек. Омарта ша­руа­шы­лы­ғының жетекшісі Сергей Тро­фи­мовтың айтуынша, демалу­шы­лар­дың ара ұясында жатып ем алуы­на арналған екі орынды, үш бұ­­рышты шағын үйлер орнатылады.

– Әр орынның төменгі жағын­да төрт ара ұясы орналасады. Аралар ұшып жүрмес үшін ұя беті торкөзбен жабылады. Ем алу­шы үшін тақтай үстіне көрпе төсе­леді. Хош иісті гүлдер иісімен тыныстап, адамның жүйкесі ты­ныш­талады. Жүрек-қан тамырлары сауығып, өкпесі тазарады. Ара ұя­­сындағы ұйқы барысы дә­рі­­­­­гердің ба­қылауында болады, – дейді.

Сонымен бірге омарташылар «Березка» саяжайы маңында экотуризмге арналған орын ашпақ.

– Бал ағзадағы зиянды қал­дықтарды шығаруға, ағзаны жа­сар­туға, артериалдық қы­сым­ды төмендетуге және семіздікпен кү­­ресуге көмектеседі, – дейді омар­­­та­шылар.

Жаз кезінде өңір тұрғындары осы жерде демалады, омарта ша­руашылығымен танысып, өздері де бал жинай алады.

 

Павлодар облысы