Сенаторлар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын қызметтен босату туралы мәселені және «Авторлық және сабақтас құқықтарды ұжымдық негізде басқару тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы», «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Иран Ислам Республикасы арасындағы еркін сауда аймағын құруға алып келетін уақытша келісімді ратификациялау туралы» және «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің қазақстандық филиалының жұмыс істеуі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобаларын қарайтын болды.
Сенат Бюросы Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетін «Бір тараптан Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан Қытай Халық Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы бойынша бас комитет етіп белгіледі.
Бюро мүшелері сондай-ақ Сенаттың 2019 жылға арналған Негізгі іс-шаралар жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізді және халықаралық парламенттік ұйымдары мен шет мемлекеттердің парламенттерімен ынтымақтастық жөніндегі топтардағы Сенат депутаттарының құрамын жасақтады.