Аймақтар • 23 Сәуір, 2019

Азия чемпионына ат мінгізді

943 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мақталы Мақтаралдан шығып, еліміздің атын әлемге танытып жатқан спортшылар көбейсін деген ниетпен «Алпамыс батыр» орталық стадионына жиналған жұрт джиу-джитсудан Азия чемпионы атанған Төлеген Атақұловқа қошемет көрсетті.

Азия чемпионына ат мінгізді

Азия біріншілігі Қырғызстан астанасы Бішкекте өткен болатын. Мақтаарал ауданында туып-өскен Төлегеннің бұл бірінші жеңісі емес. Алматы қаласындағы республикалық мамандандырылған спорт мектебін бітірген ол  2015 жылдан бастап джиу-джитсумен айналысып келеді. Еліміздің бірнеше дүркін чемпионы атанды. Сондай-ақ, 2016 жылы ережесіз жекпе-жектен «Алаш прайд» додасының жеңімпазы болды.  Ал 2018 жылы Панамада өткен джиу-джитсу бойынша Әлем кубогында Төлеген Атақұлов күміс жүлдегер атанып, ел абыройын асқақтатты. 

Чемпион аудан тұрғындарымен кездесуде спортқа келген сәттеріндегі қиындықтар мен жеңістері жөнінде баяндады. Мақтаарал топырағында дүниеге келгенін мақтан ететіндігін жеткізді. Жас спортшылардың сұрақтарына жауап беріп, салауатты өмір салтын ұстануға шақырды. Ал жерлестері чемпионға ат мінгізіп, спорттық жеңістер тіледі. Сондай-ақ, Азия чемпионы аудан әкімі Б.Асановтың қабылдауында болып, жастар тәрбиесі, спорт саласын дамыту тақырыбында пікір алмасты.

Түркістан облысы

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50