Аймақтар • 24 Сәуір, 2019

Түлектер трансұлттық компанияда қызмет атқармақ

914 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Алдағы кезде еліміздегі жоғары оқу орындарының рейтингісі түлектердің орналасу нәтижесіне байланысты айқындалмақ. Осы орайда Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде кешенді іс-шаралар қолға алынған. Соның ең бастысы студенттерді сұранысқа сай мамандықтар бойынша оқыту болып отыр. Бұл үшін өңірдегі және тұтастай республика аумағындағы іргелі кәсіпорындармен, сондай-ақ трансұлттық компаниялармен тиісті келісім-шарттар жасалған.

Түлектер трансұлттық компанияда қызмет атқармақ

Бүгінгі күні оның алдыңғы тізбегінде Еуразиялық топ (Еurasian Resources Grop) өкілдері тұр. Өз кезегінде табиғи ресурстарды өндіру мен өңдеу энергетика, логистика және маркетинг салалары бойынша әлемдегі әртараптандырылған жетекші компаниялардың бірі екенін айта кеткен жөн. Төрт құрлықтағы он бес елде орналасқан топ кәсіпорындары өз салалары бойынша ірі жұмыс берушілер бола білуімен ерекшеленеді. Еліміздегі жоғары маркалы алюминий өндіретін баламасы жоқ жалғыз кәсіпорын да Еуразиялық топтың құрамында екені мәлім. Мыс пен кобальт өндіру мен өңдеу ісінде де ERG-тың алатын үлесі жоғары. Сондай-ақ бүкіләлемдік экономикалық форум тұғырнамасында құрылған аккумуляторлы батареялар секторына арналған жаһандық альянстың құрылтайшы-серіктесі болуы да оның зор әлеуетін аңғартады.

Тұқ етері трансұлттық компания құрамындағы «Казхром» ТҰҚ АҚ металлургия, тау-кен ісі, құрылыс, автомобиль және жол қозғалысын ұйымдастыру мамандықтары бойынша Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің 50 түлегін қызметке алу жөнінде шешім қабылдады. Жоғарыда аталған трансұлттық компанияның президенті Арман Есенжоловтың айтуынша мұнда екіжақты келісімге сәйкес түлектерді жұмысқа қабылдаудың арнайы бағарламасы жасалаған. Оның өзгешелігі мен артықшылығы –ақысы төленетін тәлімгердің тағайындалуы. Оның басты қызметі жас кадрлерді өндірістік тәжірибеге баулу болып отыр. Бұған қоса түлеткерді жұмысқа орналастыру, олардың қызметте өсу мен өрлеу жолдарының жоспарларын әзірлеу және кадрлер легі мен резервін енгізу жөнінде де тиісті іс-шаралар белгіленген.

-Біз жоғары өндрістік межеге кәсіби біліктілігі жоғары мамандарға арқа сүйеген жағдайда ғана жете алатынымызды жақсы түсінеміз. Әрі мыңдаған адам қызмет жасайтын үлкен де іргелі кәсіпорынға мақсаткер, өршіл, талабы биік, жауапкершідігі жоғары жастарды қабылдауға қашан да әзірміз деді газет тілішісіне «Казхром» ТҰҚ АҚ-ның Президенті Арман Есенжолов. Аталмыш трансұлттық компанияның ең басты құрылымдық бөлімі 4300 адам жұмыс істейтін Ақтөбе ферроқорытпа зауыты болса, оның 800-ден астамы Жұбанов университетінің түлектері екен. Бұл шара мен мұндағы қызметкерлердің 20 пайызы осы жоғары оқу орнын бітіріп, зауытқа жұмысқа орналасқандар деген сөз дейді оның директоры Ж.Б.Мұсабеков. Осы арада Жалғасбек Берекетұлының өзі де Жұбанов университетінің түлегі екенін айта кеткеннің артықшылығы бола қоймас. Ол 2002 жылы аталмыш жоғары оқу орнын инженер-металлург мамандығы бойынша үздік дипломмен аяқтапты. Содан соң еңбек жолын осы өндірістік ұжымда ферроқорытпа балқыту қызметінен бастап, өз шеберлігі мен біліктілігін көтере отырып, кәсіпорын басшысына дейін көтерілген. Бұл мысалдың өзі де түлектерге ой салары анық. Біз өндіріс жетекшілерімен ой-пікір алмасу кезінде қызметке қабылданған түлектер тиісті әлеуметтік жеңілдіктермен қамтылатыны жөніндегі деректерге қанықтық. Бұл олар үшін аса маңызды артықшылықтардың бірі болмақ. Атап айтқанда оның қатарында медициналық сақтандыру, тамақтандыру, арнайы бөлінген көлік пен тұрақты мекен-жайы жанынан жұмысқа алып келіп-алып қайту, жыл қорытындысы бойынша бонустар беру, өндіріс ерекшелігіне сәйкес кезекті еңбек демалысына қосымша күндер қосу, санитарлық-курорттық карталарды жеңілдетілген бағамен ұсыну кіреді екен. Сондай-ақ Еуразиялық топ құрамындағы кәсіпорындарда қызметке қабылданған жас кадрлердің тұрғын-үй бағдарламасына қатысу мүмкіндіктері жоғары екені де атап айтуға тұрарлық мәселе.

Міне, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінде түлектерді жұмысқа орналастырудың бірқатар оң мысалдары осындай.