Спорт • 25 Сәуір, 2019

«Сарыарқа» түмендіктерді тізе бүктіріп, Петров кубогын жеңіп алды

987 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ресейдің Жоғары хоккей лигасының бас жүлдесі – Петров кубогы үшін болған финалдық бесінші матчта Қарағандының «Сарыарқа» хоккей клубы Түменнің «Рубин» командасын 4:1 есебімен тізе бүктіріп, тамаша табысқа қол жеткізді. Яғни, жерлес хоккейшілеріміз қарсыластарынан төрт ойында да басым түсіп, Петров кубогының жеңімпазы атанды.

«Сарыарқа» түмендіктерді тізе бүктіріп, Петров кубогын жеңіп алды

Түменде «Рубинмен» болған кездесудің алдында «Сарыарқа» жалпы есепте 3:1 есебімен алда тұрған болатын.

Қонақтар есепті жылдам ашты. Артур Сарваровтың соққан шайбасы нысанаға дөп тиген болатын. Матчтың алғашқы 20 минуттың бөлігінде айдын иелері Антон Рехтиннің күшімен жауап гол соқты.

Екінші кезеңде «Сарыарқаның» ойыншысы Эмиль Нұрғалиев командасын алға шығарды. Одан кейін матчтың 43-минутында қарағандылықтар есепті еселеді. Голдың авторы – Олег Ломако. Ал ойынның соңғы секундтарында қақпашысын алтыншы ойыншыға айырбастаған «Рубиннің» бос қақпасына төртінші шайбаны жерлес хоккейші Максим Кицын соқты.

Шайбалар: 
0:1 – 04:51 Сарваров (Ибатуллин, Ломако);

1:1 – 17:36 Рехтин (Фаст);

1:2 – 21:58 Нұрғалиев (Ряшенцев, Железнов);

1:3 – 43:04 Ломако (Сиксна, Зиазов);

1:4 – 59:19 Кицын (Зиазов).

Айта кету керек, «Сарыарқаның» бапкері Леонид Тамбиев екі жыл қатарынан Петров кубогының жеңімпазы болып отыр. Былтыр ақжолтай жаттықтырушы Санкт-Петербургтің «Динамосымен» бірге кубокты көкке көтерген болатын.