Спорт • 25 Сәуір, 2019

Елордада цигун мен тайцзи бойынша тегін сабақтар өтеді

987 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үздік шеберлер Дүниежүзілік тайцзи-цюань және цигун күніне орай ашық шеберлік сағатын өткізеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордада цигун мен тайцзи бойынша тегін сабақтар өтеді

Сәуір айының алғашқы және соңғы күндері Дүниежүзілік тайцзи және цигун күні аталып өтіледі. Дәстүр бойынша бұл күні әлемде цигун мен тайцзиден тегін және ашық сабақтар өткізіледі. 

Қазақстан астанасындағы Шығыс өнерінің шеберлері мен әуесқойлары аталмыш мерекені 27 және 28 сәуірде атап өтпек. Сабақтар сенбі мен жексенбі күндері сағат 12:00-де Fitness Park Astana сахнасы мен «Астаналық» саябағының орталық аллеясында (бұрынғы орталық)  ұйымдастырылады.  

Ушу, цигун және тайцзи мамандарының елордадағы сабақтары мен көрсетілімдері туралы тайцзи-цюань және цигун шебері Александр Чин айтып берді.   

«Сабақ басталмас бұрын шеберлер бұл жаттығулардың біздің денсаулығымызға қалай әсер ететіні туралы баяндайды», – деп атап өтті ол. Іс-шараға қатысу үшін алдын ала тіркелу қажет.