Аймақтар • 25 Сәуір, 2019

Шымкенттің әкімі жөндеуден өтетін 26 көшенің тізімін жариялады

843 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Instagram әлеуметтік желісінде биыл Шымкентте орташа жөндеу жасалатын, асфальт қабаты төселіп, пайдалануға берілетін ішкі орам көшелердің тізімін жариялады.

Шымкенттің әкімі  жөндеуден өтетін 26 көшенің тізімін жариялады

Шаһар басшысы таратқан ақпаратқа сүйенсек, биыл мегаполистің ішкі орамдағы 26 көшесі жөндеуден өтпек.

Тұрғындардың талап-тілегін ескере отырып қабылданған шешім бойынша төмендегі көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Атап айтар болсақ, «Солтүстік батыс» шағынауданындағы Талас, Аламан көшелері, Қайтпас-1 ш/а: Алтай к-сі; Қайтпас-2 ш/а: Б. Серікбаев к-сі; Қайтпас ш/а: Дайрабеков к-сі; Қайнарбұлақ т/а: А. Бөлешов к-сі; Қайнарбұлақ с/а А. Шрейдера к-сі; Мәртөбе т/а: Ленова, Новостройка, Пушкин көшелері; Пахтакор-2 ш/а: Тіленшин, Майбұлақ к-сі; Қызылжар ш/а: Ж. Кекилов, Р. Жумабеков, Рамазан ата көшелері; Ақтас ш/а: №1,2,3,36 көшелері (131 мектепке кірме жол); Бозарық ш/а: атауы жоқ көшесі (бастамасы Бәйдібек би); Лесхоз ш/а: Б. Момышұлы, Канал жағалау к-сі; Қазығұрт ш/а: Ш. Уәлиханов к-сі; Маятас т/а: Жаманұлы, Рысқұлбеков, Нысанбайұлы көшелері, Б. Момышұлы көшесінің жалғасы; Тельман ш/а: Жұмабаев к-сі; Ынтымақ ш/а: Баян сұлу к-сі; К. Маркс бөлімшесі: Ермексу, Молдағұлова көшелері; Еңбекші ауданы: Қалмырзаев, Данов, Дружба народов к-сі; Әл-Фараби ауданы: Шаймерденов (Шаймерденов және Дулати аралығы) к-сі; Самал-3 ш/а: Естемес би, Мұғалжар, Нұрлы таң көшелері; Самал-2 ш/а: Ризашылық к-сі; Шапағат ш/а: Шапағат к-сі; Жалын т/а: Көктал, Ягодная көшелері; Солтүстік саяжай т/а: Жігер, Орталық көшелері; Асар-2 ш/а: №8 көшесімен А-2 автожолына дейін; Достық ш/а: Мұзтау көшесіне биыл асфальт төселіп,  аяқжолдар салынбақ.

Әлеуметтік желідегі қала әкімінің Instagram парақшасына өз мекендеріне асфальт төсеп беруін өтініп, жазба қалдырғандардың қарасы қалың.  Пікір қалдырғандардың ішінде «Тұран» және «Самал 3» шағынауданының тұрғындарының қатары көп.