Оған қатысушылар Қазақстан еңбек нарығының қазіргі жағдайы мен даму келешегін талқылап, әлеуметтік сауалнама қорытындысын таныстырды. K-Bagdar Қоғамдық қорының сарапшылары дамыған елдердің тәжірибесіне зерттеу жүргізу негізінде Жұмыспен қамту орталықтарын жаңғырту және олардың қызметін жетілдіруге арналған іс-шаралар жоспарын ұсынды, оған келесі іс-шаралар кіріп отыр: жұмыспен қамту орталықтарына деген сенімді көтеру, жәрдемақының маңыздылығын арттыру, жастармен және 50 жастан асқан тұлғалармен жұмыс жасау, мектеп оқушыларына кәсіби бағдар беру жүйесі, жұмыс берушілерге берілетін артықшылықтар, ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу стратегиясы, Жұмыспен қамту орталықтары қызметкерлерінің біліктілігін көтеру.
Мәселен, компанияларды экономикалық тұрғыда ынталандыру арқылы жастарды жұмысқа тартуға арналған шаралар ұсынылып отыр: мемлекет есебінен әлеуметтік және салықтық төлемдер бойынша шығындарды өтеу; Жұмыспен қамту орталықтары жанынан Жастар мансабының орталығын құру; жоғарғы сынып оқушыларын оқудан тыс уақытында олардың таңдаған мамандығы бойынша қоғамдық жұмыстарға орналастыру, сондай-ақ, KASIP цифрлік жүйесі арқылы мектеп оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізу.
Сарапшылар жұмыс берушілерге қолдау көрсету шаралары ішінде мүгедектерді жұмысқа алатын жұмыс берушілерге жалақының ішінара субсидиясын, жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу үшін білікті жұмысшылардың айырылған табысын ішінара өтеу, қызметкерлер біліктілігін көтеру үшін мемлекеттік гранттар ұсыну сынды шараларды ұсынып отыр. Сарапшылардың пікірінше, осындай ынталандыру әдістерін ендіру жұмыспен қамту үлесін ұлғайтып, білікті кадрлардың санын сақтап арттыруға жағдай жасамақ.
Сондай-ақ, сарапшылар soft-skills дағдыларын дамытуға, мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінде еңбек ететін қызметкерлердің өзінің білімдері мен дағдыларын жетілдіруге ерекше көңіл бөліп отыр. Soft skills, яғни «икемді» әлеуметтік дағдылар – қарым-қатынас құра білу, уақытты басқару, көшбасшылық сапалар, креативтілік – мұның бәрі қазіргі заманғы еңбек нарығындағы тұрақты тренд болып табылады.
Зерттеушілердің күтіп отырған үміттеріне сәйкес дайындалған шаралар азаматтардың ұзақ мерзімді және нәтижелі еңбекке тұруына жағдай жасамақ.